«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

СҚО кәсіпкерлері аудандағы жалғыз ардагерді құттықтады

2017 жылғы 06 Мамыр
- Солтүстік Қазақстан облысы
6882 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық филиалы қызметкерлері Ұлы Жеңіс мерекесі қарсанында аудандағы жалғыз ардагерді құттықтады  

Ұлы Отан соғысы ардагері Бронислав Щавинский қонақтарды әскери киіммен қарсы алды. Ақсақал соғыста өткен күндерін еске алып, орден мен медальдарын мақтанышпен көрсетті. Ардагер 1926 жылдың 1 мамырында дүниеге келген. Соғыс майданына 1943 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласынан аттанған.    

«Мен 12 жерлесіммен бірге Рязань қаласына түстім, онда Ванда Василевкая атынан құрылған Бірінші Поляк армиясы құрылды. Кейін жедел дайындықтан өтіп, бірінші миномет полкіне қарасты атқыштар ротасының көлік жүргізушісі болдым, Батыс Украина майданында Отанымызды жаудан тазарттық», – деп баяндады Ұлы Отан соғысы ардагері Бронислав Щавинский.     

Содан кейін Польша болды. Люблина қаласындағы шайқаста қазақ солдаты жарақат алады, алайда ұрыс алаңында жаумен арпаласуды тоқтатпайды. Ардагер «День Победы»  халықтың әнін тыңдағанда еріксіз көзге жас алады. Қария Ұлы Жеңістің 72-жылдығына жетпеген майдандас жолдастарының аттарын ұмытқан жоқ.

Бүгінде Бронислав Мечиславович арпалыспен өткен қорқынышты күндерді  емес жарқын болашақ туралы әңгімелескенді жөн көреді. Жастарға берер кеңесі: еңбекті сүю, еңбек арқылы көркею.  

ӨКП қызметкерлері жыл сайын дәстүр бойынша ардагерлерді құттықтап, қалдарын сұрайтын. Алайда уақыт қатал, бүгінде Бронислав Щавинский ардагерлер тізімінде жалғыз қалды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер