«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Іскер әйелдер кеңесі балаларға қуаныш сыйлады

2017 жылғы 01 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
7382 просмотров

1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай Іскер әйелдер кеңесі мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен сөйлесіп, олардың қажеттіліктері жайлы білді

Бүгін іскер арулар облыс бойынша үй-үйге кіріп, балларды құттықтап жүр. Біреуге азық-түлік, киім-кешек, енді біріне ақшалай көмек, дәрі-дәрмек берілді. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталықтарға да қаржылай көмек жасалды.  

Петропавлдық бизнес-вумен балалар күніне арнап бір аулаға ойын алаңын орнатты. Енді балалар әткеншек теуіп, сырғанақта ойнап, құмнан үйшік жасайды. Тұрғындардың айтуынша бұл мерекеге жасалған керемет сыйлық.

«Бізге жиі көмек сұрап келеді, мүкіндігінше барлығына қол ұшын созуға тырысамыз. «Мүгедек ата-аналар мен балалар бірлестігі» ҚБ, «Асыл Ана» ҚБ, «Эра милосердия» және тағы басқа ұйымдар басшылары бізден көмек сұрады. Іскер әйелдер кеңесінің өткен жиынында қайырымдылық мәселесі күн тәртібіне қойылған болатын. Кеңес мүшелері бір ауыздан көмек жасауға келісті, қайырымды іске Кеңестің аудандық филиалдары да атсалысты. Осылайша көмекті облыстағы отбасылар ғана емес, ауыл тұрғындары да алды», – деді Өңірлік іскер әйелдері кеңесінің төрайымы Ляйла Равильқызы.

Іскер әйелдер кеңесі балаларды кафеге апарды, онда аниматорлар көрініс қойды. Сонымен қатар осы топ көкке шығып, балаларға дәмді кауап әзірленді.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер