«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Солтүстікте «Чек талап етіп, жүлде ұт» акциясы қорытындыланды

2017 жылғы 07 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
6678 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне төрт мыңға жуық чек жолдаған

«Атамекен» ҰКП қолдауымен мамыр айынан бастап «Чек талап етіп, жүлде ұт!» акциясы басталды. Өткен айда облыс тұрғындары 3847 чек жолдаған. Ал компьютерлік бағдарлама мамыр айындағы ұтыс ойынына қатысушылар арасынан 3 жеңімпазды анықтады. Жеңімпаздар қатарында Юлия Мантрова, Наталья Данильченко мен Виктория Мысловская бар.

«Өмірімде ешқандай ұтысқа қатысып көрмеппін, әрине ешқашан ұтып та алған емеспін. Бұл мен үшін тосынсый болды. Сондықтан өз таныстарым мен достарымды осы акцияға қатысуға шақырамын. Өткен айдың соңында дүкенге сауда жасау үшін емес, чек алу үшін бардым. Барша тұрғындарды өз азаматтық ұстанымдарын танытып, осы акцияға қатысуға үндеймін. Бұл қызықты ғана емес, мемлекет үшін пайдасы зор шара», – дейді Виктория Мысловская.

Акция екі деңгейде өткізіледі: облыстық және республикалық деңгейде. Жеңімпаздар чекті кездейсоқ таңдау арқылы анықталады. Осылайша, чек неғұрлым болса, қатысушының жеңімпаз атануына мүмкіндік зор. Осы жолғы қорытынды жеңімпаздарын сертификатпен марапаттап, бағалы сыйлықтар мен азық-түлік салынған пакет ұсынылды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменіің түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Лилия Абилеваның айтуынша, бұл байқаудың мәдени, тәрбиелік рөлі зор.

«Акцияның мақсаты – азаматтардың таура, жұмыс пен қызметті тұтынушы ретіндегі жеке мүддесін қорғауда құқықтық мәдениетін қалыптастыру, көлеңкелі экономика ауқымын азайту және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелікке ынталандыру», – дейді Лилия Абилева.

Акция 30 қарашаға дейін жалғасады. Оған кез келген ынталы адам қатыса алады. Ол үшін смартфонға Wipon қосымшасын жүктеп, соның көмегімен чектің суретін Мемлекеттік кірістер департаментіне жолдау керек. Гранд-финал осы жылдың соңында өткізіледі. Бас жүлдеге автокөлік қойылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер