«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өңірлік кеңес мүшесінің адал еңбегі мерейін өсірді

2017 жылғы 25 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
6647 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы Өңірлік кеңесінің мүшесіне ауданның Құрметті азаматы атағы берілді

Солтүстік Қзақастан оболысы Қызылжар ауданы мәслихатының шешімімен СҚО кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңес мүшесі Сергей Чепуркоға ауданның Құрметті азаматы атағы табыс етілді.

Сергей Чепурко еңбек жолын Қостанай облысы Камышин ауданы «Свободный» совхозында көлік-трактор паркін пайдалануға беру бойынша инженер қызметінен бастаған. 1983 жылы совхоздың бас инженерлігіне бекітілді. 1989 жылы Бишікөл құс фабрикасының бас инженері қызметіне кірісті.

1996 жылы Қызылжар ауданындағы «Консорциума Молсервис» бас директорына тағайындалды. Сол уақыттан бері еңбек етіп келе жатқан Сергей Чепурко өз ісінің білгір маманы, білікті басшы екенін танытты. Мұнымен қоса, Сергей Чепурко – Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің белсенді мүшесі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер