«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылжарлықтар мемлекеттік бағдарламаларды қолдануда белсенді

2017 жылғы 20 Қыркүйек
- Солтүстік Қазақстан облысы
6163 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындардың жеке кәсіп бастау мәселесі шешілді

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалы директорының  айтуынша қызылжарлықтар Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын қолдануда белсенді.

«Биыл осы бағдарлама бойынша 44 кәсіпкерге 176,25 млн теңге сомасында несие бөлінді, оның ішінде 968 млн теңге мал шаруашылығындағы 26 жобаға арналды, ал құс шаруашылығындағы 5 ждобаға 13,9 млн теңге бөлінген», - деп хабарлады Асқар Нұрмұқанов.

Мемлекеттік қолдау шараларын қолданғандардың бірі – Мұрат Қалмұрзин. Кәсіпкер соңғы 6 жыл бойы қаз өсірумен айналысады.

«Бұл бағдарламамен несие алуға бірнеше рет өтініш білдірдім, алайда барлығы да сәтсіз болды. Дегенмен Кәсіпкерлер палатасының филиалына жүгіннен соң жағдай өзгерді. Палатаның білікті мамандары кеңес беріп қана қоймай, жобаны сүйемелдеді. Үйлесімді жұмыстың арқасында құс шаруашылығын дамыту үшін 1,8 млн теңге несие алдым. Әрине бұл жетістік үшін алғысым шексіз», - дейді кәсіпкер.

Бүгінде «Қалмурзин» жеке кәсіпкерлерінде мың жарымға жуық қаз бар. Оны жергілікті халыққа да, көршілес облыстың тұрғындарына да өткізу жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер