«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тайынша ауданындағы достар «Бастау Бизнес» арқылы бизнес бастады

2018 жылғы 07 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
7788 просмотров

«Бастау Бизнес» жобасына қатысқан Александр Туракевич Тайынша қаласында шеберхана цехын ашты, ал оның бастамасын жобаның тағы бір қатысушысы Олег Микеда қолдады

Екі дос шеберхана цехын ашуды бұрыннан ойға алған. «Бастау Бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздерін оқып, бизнесте серіктес атанды.

Александр көп жылдан бері терезе жақтауы, есік, жиһаз секілді ағаш бұйымдарын жасап, тапсырыс алып келеді, ал Олег өнімді өткізумен айналысады. Оқудан өткеннен кейін достар өндірісті жақсартуды ойластырып, жаңа станок пен жабдық алуды қалаған.

«Бастау Бизнес» жобасының арқасында Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасымен жылына 6% мөлшерлемесі бар 2 730 000 теңге несие алдым. Бұл ақшаға станок пен жабдық алдым. Кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңес берушілері мен бизнес-жаттықтырушы құжат жинауға, бизнес-жоспар дайындауға көмектесті. Мамандардың көмегімен лайықты бизнес аштым. «Бастау Бизнес» биылдан бастап облыстың барлық ауданында оқытылатыны жақсы. Ауыл тұрғындарына қажетті білім беріледі», – дейді Александр Туракевич.

Шеберхана цехында дайындалатын өнімді Тайынша қаласының тұрғындары ғана емес, аудандағы өзге елдімекендер де пайдаланады. Бизнесмен әрдайым өнім сапасын жақсартуға көңіл бөліп келеді.

«Бүгінде нарықтағы бәсекелестікте сапаны естен шығармау керек. Осыны назарда ұстаймыз. Шикізат пен материал Ресейден әкелінеді. Тапсырысқа қарай жұмыс істейміз. Негізінен терезе, есік, қоршау қадасын және тағы басқаларын дайындаймыз», – деді Олег Микеда.

Еске салсақ, «Бастау Бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздерін Халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелгеніне қарамастан жұмыссыз, кәсіпкерлік машығы бар өзін өзі жұмыспен қамтыған және ауыл және аудан орталықтарының тұрғындары оқи алады. Жоба кәсіпкерлікке баулып, жеңілдетілген несие арқылы жаңа бизнес ашуға ықпал етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер