«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпорындардағы тәлімгерлерді оқыту басталды

2018 жылғы 21 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
7275 просмотров

Бірінші болып курсты «СевКазЭнерго» АҚ жұмысшылары аяқтады

Өткен аптада Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы өңірдегі кәсіпорындардағы тәлімгерлерді оқытуды бастады. Бекітілген кестеге сәйкес бірінші болып «СевКазЭнерго» АҚ жұмысшылары курстан өтті. Жоспар бойынша жергілікті кәсіпорындардағы 51 тәлімгерді оқытады. Қазіргі таңда 28 жұмысшы оқытылды.

Бизнес әлеміндегі қазіргі жағдайда кәсіби маманды таңдау қиын. Жұмысқа бірден кірісіп кететін дайын маманды да табу мүмкін емес. Мұндай жағдайда тәлімгерлік ұтымды шешім екені рас.

«Тәлімгерлік маманды оқыту әдісі ретінде білгілі бір компаняға маңызды да қажетті машық пен білімді үйрете отырып маман дайындауға мүмкіндік береді. Ірі кәсіпорындар ұжым қалыптастыруда осы тәсілді қолданып келеді. Бұл әдістеме кәсіпорында тәжірибесі аз әрі жас мамандар болған жағдайда маңызды», – дейді Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы, кәсіпорын тәлімгерлерін оқыту жөніндегі маман Ирина Торопова.

Тәжірибелі маманның жетекшілігімен жұмыс орында оқытылады, жас маман жұмыстағы жағдайды көзбен көріп, нақты мысалдар арқылы үйренеді. Білім алушының кәсіби деңгейі әртүрлі – мүлдем икемі болмауы да мүмкін, кейде қандайда бір білімді игергені де болады, тәлімгер өзінің үйренгенімен кеңес беріп, ұжымға сіңісуіне, жұмыс істеуге, компанияның корпоративтік жағдайын сезінуіне көмектеседі.

«Экономиканың қарқынды технологияық модернизациясы жағдайында Қазақстан өндірісті инновациялық дамыту, кәсіпорынды заманауи жабдықпен қамтамасыз ету, ғылымды қажетсінетін технологияны жаппай енгізу, бәсекеге қабілетті тауарларды шығары және өткізу нарығын іздеу жолында. Бұл үшін дуальді білім беру талабымен тәжірибелі-бағдарланған кәсіби мамандар мен орташа звенодағы жұмысшыларды дайындау керек», – деп жалғастыры Ирина Торопова.

Айталық Ирина Торопова «Кәсіби және еңбек педагогикасы. Тәлімгерлерді оқытуға құқық беретін тәлімгерлік аттестация» тақырыбында оқу курсын тәмамдаған. Трир қаласында Колөнершілер палатасының кәсіби оқыту жобасын жүзеге асыру аясында өткізілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер