«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алакөл ауданында бизнестің 60%-ін әйелдер құрайды

2018 жылғы 23 Ақпан
- Жетісу облысы
12905 просмотров

Әйел-кәсіпкерлердің үлесі барлық салаларда бар

Үшарал қаласында Алакөл ауданы Іскер әйелдерінің бірінші форумы өтті. Шара Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрайымы, облыстық Іскер әйелдер кеңесінің жетекшісі Римма Салықованың, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Алмагүл Оңғарбаеваның, Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Алмас Ахановтың, Кәсіпкерлер палатасының Алакөл аудандық филиалының басшысы Мұхтар Адиковтың, Ақсу және Сарқан аудандарындағы Іскер әйелдер кеңесі жетекшілерінің, сондай-ақ Алакөл ауданының кәсіпкер әйелдерінің қатысуымен өтті.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрайымы, облыстық Іскер әйелдер кеңесінің жетекшісі Римма Салықова атап өткендей, алакөлдік бизнес ханымдарының кеңесі аудан әйелдерінің экономикалық және әлеуметтік бастамаларын қолдаудағы басты қозғаушы күшке айналуы керек.

«Іскер әйелдер кеңесі құрамын кеңейтіп, қатарына бизнес өкілдерін ғана емес,  мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың әйел басшыларын да қосты. Әсіресе, Кеңес әйелдердің бастамалары мен сұрақтарын шешуге қолдау көрсетіп отыруы тиіс», - деді Римма Салықова.

Алакөл ауданының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Баршагүл Саятова Кеңестің жаңарған құрамын, жұмыс жоспары мен алдағы міндеттерімен таныстырды. Аудандық Іскер әйелдер кеңесі жанынан кәсіпкерлік салаларындағы мәселелерді жіті қарастырып отыратын салалық комитеттер құрылатын болады. 

«Бүгінде ауданның 1431 әйел кәсіпкері ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру, туризм, қонақ үй бизнесі, сауда ісі сынды кәсіпкерліктің барлық саласында жұмыс істейді. Осылайша, кәсіпкерлік субъектілерінің 60%-ін әйел азаматтар басқарып отыр. Біздің алдымызда жегілікті атқарушы билікпен өзара қарым-қатынас деңгейін күшейту, жас кәсіпкерлерге қолдау білдіру міндеттері тұр», - деді Баршагүл Саятова.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ауқымды үлесін аудан әкімінің орынбасары Алмас Аханов ерекше атап өтті.

«Тағы бір тоқталатын жайт. Бүгінгі нарық жағдайында 20-ға жуық әйел шаруа қожалықтарын басқаруда. Басқарып қана қоймай, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуде. Әйел кәсіпкерлердің әлеуметттік жауапкершілігі өте жоғары, олар белсенді түрде қайырымдлықпен айналысып келеді», - деді аудан әкімінің орынбасары.

Аудан ішінде зор қайырымдылық қызметі үшін «Алия» ЖК директоры Гүлзада Сембинова, жеке кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін «Мукубаева» ЖК жетекшісі Қизат Мұқыбаева мен «Ақсағым» балабақшасының директоры Әйгерім Қанатхан алғыс хаттармен марапатталды.

Талқылау барысында әйел кәсіпкерлігінің даму проблемалары, әйел-кәсіпкерлердің экономикалық бастамаларын қолдау мен қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша сұрақтар көтерілді.  Шара аясында аудан бизнес ханымдарының жетістіктеріне арналған «Табыскер әйел келбеті» көрмесі ұйымдастырылып, қатысушыларғ кәсіпкер Қизат Мұқыбаеваның табыс оқиғасы айтылды.

Сонымен бірге, форумға «Даму» қорының өңірлік филиалы директорының орынбасары Руслан Самакеев пен қордың бас менеджері Жандос Нұрғазинов, «Алакөл» несие серіктестігінің өкілі Сәбит Даривхан мен психолог Толқын Мұқашева қатысып, сөз сөйледі.

Форум қорытындысы бойынша Іскер әйелдер кеңесі Алакөл көліндегі туризмді дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстелді ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер