«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Дуальді білім беру бойынша үшжақты меморандумға қол қойылды

2018 жылғы 20 Сәуір
- Астана қаласы
5354 просмотров

Астанада «Туризм саласында дуальді білім беру элементтерін қолдана отырып, негізгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов және Білім беру басқарамысының жетекшісі Әнуар Жанғозин қатысты.

Астана ӨКП директоры Ғани Тасмағанбетовтың берген мәліметі бойынша дуальді оқытуды дамыту аясында колледж, кәсіпорын және оқушы арасында 1457 үшақты келісім жасалған. Осылайша колледждердің мыңдаған студентері мамандықтары бойынша сапалы тәжірибеден өтті.

 «Сонымен қатар Палата «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыруға атсалысып отыр. Осы бағдарлама аясында 2017-2018 жылдарда кәсіпорындар жанынан барлығы 9 оқу ортылығы ашылып, орталықтарда былтыр 122 жұмыссыз азамат оқудан өтті. Биыл Астана нарығында айтарлықтай сұранысұа ие мамандықтар бойныша 235 адамды оқыту жоспарланған. Сондай-ақ, Палата студенттердің өндірістік тәжірибесін ұйымдастыру үшін колледждердің әлеуметтік әріптестері ретінде кәсіпорындарды жаппай тартуда», – деді Ғани Тасмағанбетов.

Дөңгелек үстел барасында колледж директорлары мен кәсіпкерлер өз пікірлеін айтып, дуальді оқыту шеңберінде бірлесіп жұмыс істеуге келісті. Мәселен, «Rixos» қонақүйінің атқарушы менеджері Серік Исағалиев өз тәжірибесімен бөлісіті. Аталған қонақүйде жыл сайын өндірістік тәжірибеден 100 ден астам студент өтеді.

«Біздің қонақүйде студенттер қонақүй бизнесінің негіздерін меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар ағылшын тілін үйренеді, өйткені тіл білу шетел қонақтармен байланыс орнатудың кілті»,– деді Серік Исағалиев.

Өз кезегінде елорда Туризм қауымдастығының президенті Әйгерім Мұхамеджанова қала колледждерімен туризм саласында ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді.

  «Күннен күнге туризм саласы өзгеріп, жаңарып отырады. Сондықтан туризм мамандығына оқытатын колледждер басшылықтарына оқытушыларын бізге тағылымнамадан өтуге жіберуді ұсынамыз. Ары қарай оқытушылар өз тәжірибелерін студенттерге үйретеді, ал білікті маман нарықта сұранысқа ие болмақ», – деді қауымдастық президенті.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Астана қаласы ӨКП, Білім беру басқармасы және елорда Туризм қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер