«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қытай сөрелеріне made in North Kazakhstan region өнімдері қойылады

2018 жылғы 04 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
7483 просмотров

Қытай кәсіпкерлері Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы өніміне қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Өңірлік кәсіпкерлер палатасында жергілікті өндірушілермен өткен кездесуде айтылды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында «Шаньси» ауыл шаруашылығы экономикалық қоғамдастығының басшысы Фан Шиджиннің басқарумен Қытай делегациясы іскерлік кездесу жасады. Қытай делегациясының құрамында ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімін сату, жылжымайтын мүлік, көрме орталықтары, стандарттау бойынша зертхана, қойма, сервистік орталық, мейрамхана бизнесі, тамақ өнеркәсібі, сервистік қызметтер, жылқы шаруашылығы секілді 9 саланың өкілдері болды.

«Шаньси» ауыл шаруашылығы экономикалық қоғамдастығы –провинциялық ірі әлеуметтік академиялық топ, 30 жылдың тарихы бар. Бұл қоғамдастық ауыл шаурашылығы экономикасын зерттеп, Шансиде ауыл шаруашылығын дамытуда.

Шетелдік делегация атап өткендей, Қытай экологиялық таза өнімдерге қызығады, оны Қазақстанның солтүстігінен ала алады, бұған жергілікті кәсіпорындарды аралағаннан кейін көз жеткізген.

Бұл кездесуді Өңірлік палатаның қолдауымен «Green Gold SKO» ЖШС ұйымдастырған.

«Біздің компания Солтүстік Қазақстан облысының өнімін Қытай нарығына шығару мақсатында 2017 жылы құрылды. Қытайға арнайы сапар жасадық, 6 ай бойы сұранысқа ие тауарларды зерттедік. Қытайда экологиялық таза өнімге сұраныс жоғары. Осыны негізгі алып, бірнеше кездесу өткіздік, келісімге келіп, ұн өнімдері мен өсімдік майын жеткізуге меморандум мен алдын ала келісімшарт жасадық. Бүгінде ет өнімінің жеткізуге шекараны ашу мәселесі талқылануда. Қытайда ірі қараның да, қой етіне сұраныс бар», – дейді «Green Gold SKO» ЖШС бас директоры Қанат Баймұхамбетов.

Қытай делегациясы жергілікті өндірушілермен кездесіп, өнім сапасы барлық стандартқа сай, экологиялық таза екеніне көз жеткізген.

«Ірі өнеркәсіп өндірістері жоқ екенін көрдік, осы жердің климаты өте қолайлы. Шаруалармен сөйлестік, ешқандай химиялық гербицидтер қолданбайтынын білдік. Біздің делегациядағы екі өкілдің сауда үйі бар, осы өңірдің өнімін өткізуге ниетті», – дейді «Шаньси» қоғамдастығының басшысы Фан Шиджин.

Қытай тарапымен бірлесіп Шаньси провинциясында Қазақстанның тауарын өткізу үшін сауда алаңын ашу мәселесін талқылауда.

«Қытайда ұлттық нақышта сауда алаңын ашуды жоспарлап отырмыз. Оған отандық өнімдер шығарылады. Келісімге келдік. Қытай мемлекеттік корпорациясы мен ауыл шаруашылығы қауымдастығы ірі сауда үйінен орын береді. Күзге қарай Қазақстанның сауда алаңын ашу жоспарланып отыр», – деді Қанат Баймұхамбетов.

Мұндай серіктестікке кәсіпкерлер де қызығушылық танытты. Экологиялық таза өнім Қытайда бірнеше есе қымбат екені беліглі.

«Біздің отбасылық бизнесіміз бар. 1988 жылдан бері бал және бал өнімдерін шығарамыз. Омарта Мағжан Жұмабаев ауданында орналасқан, облыс аумағынан бал жинаймыз. Шаруашылықта 200-ге жуық бал араның ұясы бар. Өткізу нарығын кеңейткіміз келеді. Осы мақсатта Қытаймен ынтымақтастықтамыз, себебі балдың бағасы ол жақта бірнеше есе қымбат тұрады. Егер пайызбен айтсақ, 40%-ға жуық баға айырмашылығы бар», – дейді «Пилипушко» ЖК директорының орынбасары Ярослава Пилипушко.

Бұл кәсіпорынның өнімі Қытай сөрелеріне шығатынын делегацияның көңіліне ұнағаннан-ақ білінді. Қытай тарапы балдың дәмін татып, таңданыстарын жасырмады.

Кездесу аясында жергілікті өндірушілердің өнімдерінен көрме жасалды. танысып, дәмін татып көруге мүмкіндік берілді. Ең алдымен өнімді 20, 40 тонналық контейнерлерден бастап вагондарға дейін тасымалдау жоспарланған. Қазіргі таңда «Raduga.K.D.R» ЖШС өнімі жеткізіледі деген келісім жасалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер