«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Солтүстік Қазақстан мен Омбы кәсіпкерлері іскерлік байланыс орнатты

2018 жылғы 22 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
7943 просмотров

Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы мен Омбы қаласының іскер орталары арасында ресми кездесу өтті. Кездесу барасында екі жақтың кәсіпкерлері өзара байланыс орнатып, іскерлік ынтымақтастықты нығайтуға ынта білдірді. Бұл бағыттағы бастаманы қашанда жергілікті бизнес ұйымдар – СҚО Кәсіпкерлер палатасы мен Омбы сауда-өнеркәсіп палатасы қолдауға дайын.

Омбы делегациясы іскер орта, қала әкімшілігі, білім мен бизнес мекемелері өкілдерінен тұрды. Бизнесмендер ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм мен ІТ-саласына маманданған.

Кездесуде бастапқыда солтүстік қазақстандық және омбылық кәсіпкерлер В2В форматында келіссөздер жүргізді, онда олар тәжірибе бөлісіп, байланыс телефондармен алмасты.

 «Омбы облысы үшін Қазақстан негізгі әрі келешекті әріптес болып отыр. Өйткені СҚО – бізге ең жақын орналасқан өңір, делегациямыз жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, байланыс орнатуға келді. Егер сала бойынша айтатын болсақ бізде ауыл шаруашылығы, химиялық өнеркәсіп, тамақ және өңдеу өнеркәсібі, туризм, ІТ  өкілдері келіп отыр. СҚО аграрлық өңір болғандықтан жергілікті өндірушілерге арнап техника тасымалдай аламыз», – деді Омбы сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті Ольга Федулова.

Спикер  екі өңір азық-түлікті сатуға қызығушылық танып  отырғанын айтты.  

 «Осы бағытта теңгерім, өзара алмасу жүріп жатыр, кейбір азық-түлік түрлерін сіздер бізге, бір бөлігін біз сіздерге тасымалдап отырмыз. Естеріңізге салсақ, біздің өңірде Қазмаркет сауда желісі кеңінен етек жайған. Онда СҚО азық-түлік өнімдері ұсынылған. Сомыен қатар омбылықтар арасында қазақстандық кондитер және макарон өнімдері жақсы сұраныста»,– деді Ольга Федулова.

Омбы сауда-өнеркәсіптік палатасы президентінің ақпараты бойынша екі өңірдің тауар айналымы 280 млн АҚШ долларын құрайды, оның ішінде 180 млн – экспорт, 100 млн – импорт.

 В2В кезедсуден кейін СҚО әкімі Құмар Ақсақалов пен Омбы облысы губернаторы Александр Бурковтың қатысуымен ресми іс-шара өтті. Нәтижесінде екіжақты ынтымақтастық бойынша бірқатар келісімдерге қол қойылды, оның ішінде қос палата да ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 «Біз шеакара аралық байланыс орнатуда жүйелі жұмыс атқарып келеміз. Омбы облысы туралы айтсақ бізде Омбы сауда-өнеркәсіп палатасымен тығыз байланыс орнаған. Тұрақты түрде бизнес миссиялар ұйымдастырлады. Бүгін меморандум қабылдадық, нітижесінде 13-14 шілде күндері тағы бір бизнес-миссия ұйымдастырылмақ. Оған 6 омбылық компания келеді деп күтілуде»,– деді СҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары.

   

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер