«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнестің дамуын қалай қамтамасыз етуге болады?

2018 жылғы 28 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
8421 просмотров

Осындай атаумен Петропавлда семинар өтті. Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы өңірдегі бизнес-қоғамдастық үшін арнайы ұйымдастырды.

Бүгінде палата алаңында өңірдегі кәсіпкерлерге арнап тегін семинар ұйымдастырылды. Оқытуды Омбыдан келген тәжірибелі мамандар - Екатерина Пономарева мен Илья Ольшанский өткізді.

«Екатерина тәжірибелі маман, оның жетекшілігімен соңғы жылы 20 консалтингтік жоба жүзеге асты. Ол «ТРИЭС-Персонал» компаниялар тобының иегері. Бұл компания нарықта 20 жылдан астам жұмыс істейді, Ресейдің сібір өлкесіндегі ірі мекеме саналады. Ол өңірдегі кәсіпкерлерге ұйым құрылымы мен бизнес-процесті оңтайландыру арқылы бизнесті басқаруды арттыру туралы дәріс оқыды. Онлайн технологияларды тиімді пайдалану және процесті автоматтандыру тақырыбынла Игорь Ольшанский сөйлейді. Ол «Темп Рост» компаниясының иегері, маркетинг және сату саласында сарапшы. 50-ден астам ауқымды жобаны жүзеге асырды, Ресей, АҚШ; Швейцария, Германия, Израиль, Авторалия, Нигерия, Араб Әмірліктерінда сатылымды арттырған», – деп түсіндірді СҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев.

«Бизнестің дамуын қалай қамтамасыз етуге болады?» деген тақырыптағы семинарға 50-ге жуық кәсіпкер қатысты. Олардың қатарында «Raduga K.D.R.» ЖШС директоры Евгений Мотнев бар.

«Біздің кәсіпорын нарықта 25 жыл жұмыс істейді. Азық-түлік және шаруашылық тауарларының ауқымы кең сауда-өндірістік компанияға айналды. Қазақстанда 10 филиал бар, отандық және шетелдік өнімді жеткіземіз. Құрылымы үлкен болғандықтан, қалай оңтайландырамыз деген сауал туындайды. Семинарға қатысу да осы себеп, тың идея мен жаңа жұмыс тәсілін іздеп келдік», – дейді Евгений Мотнев.

Кәсіпкерлерге еңбек өндірімділігін арттыру, қызметкердің пайдасын жоғарылату тәсілдері, компания табысын үлғайту жолдары айтылды. Сатылымды автоматтандыру, маркетингті жаңа деңгейге көтеру мәселелеріне қатысты ақпарат берілді.

«Семинарда әр кәсіпкерді мазалайтын тақырыптар қозғалды. Біріншіден қызметкер мәселесі, оның пайдалылығы мен өндірімділігі, екіншіден –ілгерілету мен маркетинг. Компанияда осы екі жайтты күшейтіп, бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы айтылды. Осы екі процесті күшейту үшін кәсіп иелерінің құралдары мен мүмкіндіктері туралы түсіндірілді», – дейді Екатерина Пономорева.

Семинар аяқталғанда тыңдаушылар бизнес бойынша жеке кеңес ала алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер