«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Алтын сөз» байқауына өтінімдер қабылдануда

2018 жылғы 13 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
7129 просмотров

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлік қызметті насихаттап жариялайтын өңірлік баспа және электронды БАҚ журналистері арасында байқау екінші рет өткізіледі.

Айта кетелік, БАҚ өкілдері арасындағы «Алтын сөз» байқауы Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің бастамасымен былтыр өткен болатын.

 «Бір жағынан байқау шағын және орта кәсіпкерлік қызметін ынталандыру мен беделін көтеруге бағытталса, екінші жағынан кәсіпкерлік қызмет, бизнес мәселелері, қолдау шаралары, бизнес дамуының оң мысалдарын насихаттайтын өңір журналистерін анықтауға бағытталған. Қазіргі таңда БАҚ өкілдерінен байқауға қатысуға 10 шақты өтінім келіп түсті. Басқа журналистерден де белсенділікті күтеміз, биыл қатысушылар қарасы былтырғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай көп болады. Әр аталымда үш жеңімпаздан болады», – деді ӨКП Іскер әйелдері кеңесінің хатшысы Ольга Цымбалюк.

Осы ретте хатшының пікірінше, мұндай шешім бірінші байқауға қатты қызығушылық пайда болған соң қабылданып отыр. Былтыр байқауға журналистерден 40 өтінім түсті, олар қазылар алқасы қарауына 60-тан астам материал ұсынды. Өкінішке қарай ол кезде небәрі алты жүлделі орын болды. Биыл өңірдің іскер әйелдері атынан сыйлық алу мүмкіндігі әлде қайда жоғары.  

«Байқау қатысушыларына айтарлықтай қатаң талапатар жоқ. «Алтын сөз 2018» – бұл жас журналистерге танылу үшін зор мүмкіндік. Байқауға қатысушыларды материал санымен де шектемейміз, яғни сынға бір, екі, бес, тіпті он материал да берілуі мүмкін. Айта кетелік, байқауға қатысу өтінімдері тамыз айының аяғына дейін қабылданады. Ал байқау қорытындысы қыркүйекте шығады. Биыл ұйымдастырушылар аудандық басылымдарға назар аудармақ, сондықтан ауыл-аймақтан белсенділік күтеміз», – деді Ольга Цымбалюк.

 Байқауға материалдар қазақ тілі және орыс тілінде келесі аталымдар бойынша қабылданады:

 1) «Мемлекеттік тілдегі үздік телевизиялық жұмыс»;

2) «Орыс тіліндегі  үздік телевизиялық жұмыс»;

3) «Мемлекеттік тілдегі үздік баспа басылым»;

4) «Орыс тіліндегі үздік баспа басылым»;

5) «Қазақ тілінде үздік интернет басылым»

6) «Орыс тілінде үздік интернет басылым».

 «Алтын сөз 2018» өңірлік байқауына қатысуға өтінім-сауланама»  қоса берілген

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер