«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес-жоспар – қаражат алудың жолы

2018 жылғы 14 Тамыз
- Ақмола облысы
8720 просмотров

Көкшетау қаласының тұрғыны Жайнагүл Құсайынова 2014 жылы кәсіпкер атанған болатын. Кәсібі қалта телефондарға арналған қосалқы бөлшектер мен аксессуарларды сатумен байланысты.

Алдымен кәсіпкер сауда-саттықтың бір нүктесін ашады, содан екіншісі, ары қарай үшінші сауда нүктесі ашылады. Осылайша іскер әйел 5 адамды жұмыспен қамтып, кішігірім сауда желісін құрады. Ал Жайнагүл Құсайыноваға кәсіп ауқымы ұнамады – бұл бағытта бәсеке жоғары. Бұған қоса қалта телефондар бизнесі тез дамып жатыр, сондықтан Жайнагүл кең ауқымды ойлады. Ал қалтада қаражаттың болмауы, бұл жоспарды кейінге шегерді.

«Мен Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама ясында жылдық 6 пайызбен несие алуға болатынын естідім. Мен банкке жүгіндім, онда несие алу үшін ұтымды бизнес-жоспар қажеттілігін айтты. Онсыз идеямның жүзеге аспайтынын түсіндім», – деді кәсіпкер.

 Жайнагүлге Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында қолдау көрсетілді. Маркетинг жөніндегі менеджер бизнес-жоспар құруға көмектесті, қажетті құжатқа қол жеткізген Жайнагүл Құсайынова несие алуға банкке барды.

 «Жеңілдетілген мөлшерлемесі бар несиені маған мақұлдады, алып та үлгердім. Осы қаражат арқылы тауар ассортиментін ұлғайтып, нарықта позициямыды нығайттым. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы көрсеткен қолдау кәдеге жарады», – деді Жайнагүл Құсайынова.  

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер