«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сауда павильонының эскиздік жобасы алматылық бизнесмендермен мемлекеттік органдардың дауына айналды

2019 жылғы 17 Шілде
- Алматы қаласы
2393 просмотров

Алматылық бизнесмен Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасына өтініш нысанындағы нобайлық жобаны келісуден бас тартқаны үшін, мемлекеттік мекемеге шағымдануымен келіп жүгінді.

«М.К Аймұрзаев» жеке кәсіпкерлігінің шағымы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің отырысында қаралды. Кәсіпкер 2006 жылдан бастап сатып алынған ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығындағы жер учаскесінің иесі. Жер учаскесінің жалпы көлемі – 0.0526 га. Жер учаскесінің мекенжайы – Абай даңғылы мен Амангелді көшесінің қиылысы.   Нысаналы мақсаты – жазғы алаңы бар сауда павильонын салу және пайдалану.

«Кәсіпкер 2018 жылы Абай даңғылында қайта жаңғырту жұмыстарының жоспарланып отырғанына байланысты «Алматы қаласының даму орталығы» АҚ және Алматы қаласы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасына Абай даңғылын қайта жаңғырту жобасын дайындау және бекіту кезінде жер учаскесінің иесі ретінде оның заңды мүдделерін ескеруді өтініп, сондай-ақ Абай даңғылын қайта жаңарту шеңберінде Басқармадан сауда павильондарын орнатуға келісім беруде жәрдем көрсетуді сұраған. Алайда, кәсіпкердің өтінішін қарау нәтижесінде, басқарма Алматы қаласының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сілтеме жасап, кәсіпкердің жер учаскесі Алматы қаласын абаттандыру және көгалдандыру аумағында орналасқандығын айтып көмектесуден бас тартқан», – деп мәлімдеді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Нұрбол Ашербеков. 

Аталған мәселеге байланысты, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің атына, кәсіпкерге сауда павильонын орнатуды келісуден бас тарту мәселесі бойынша кәсіпкердің өтінішін қарау жөнінде тиісті хатты жолдады.

 «Мен кәсіпкермін. Өзім заңгермін. Алматы қаласы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының айтуымен мен Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасына барып жүгіндім. Басшылықпен кездесу болды. Басшылық менің шағымымды тыңдап, барлығын жазбаша түрде өткізуімді сұрады. Алайда жазған арызымды Алмалы ауданының әкімдігіне жолдап жіберген. Осы уақытта дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінде қызығушылық білдірген органдардың қатысуымен жиналыс өткен болатын. Сол уақытта кәсіпкерлік басқармасының өкілдеріне сауда павильонын орналастыруға келісу бойынша нақты сұрақ қойылған.  Алайда басқарма тарапынан келісілмейтіндігі айтылды», – деп айтты кәсіпкер Марат Аймұрзаев өз сөзінде.

 Алматы қаласы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы бас тарту туралы шешімге түсініктеме берді.

«Талқыланған мәселе бойынша кәсіпкер жауап беретін құзырлы мекемеге, яғни Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасына барып жүгінуі тиіс. Себебі аталған мәселелер біздің құзыретімізге жатпайды» – деді Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының бас маманы Қалижан Томашев.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысының шешімі бойынша, кәсіпкердің сауда павильонының эскиздік жобасы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасына мақұлдауға жіберілді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер