«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз туралы

Палата миссиясы

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2013 жылғы 21 қазан айынан бастап жұмысқа кіріскен ҚР«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімі болып табылады.

Өңірлік палатаның басқару органдары:

1) Бизнес субъектілерден тұратын өңірлік кеңес ө байқаушы орган;

2) Кәсіпкерлер палатасының дирекциясы ө атқарушы орган.

Аудан деңгейінде 13 облыс ауданында СҚО КП-ның филиалдары мен өңірлік кеңестері бар.

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы - бизнес пен өкіметтің тиімді серіктестіктің негізінде дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында кәсіпкерлік субъектілерін біріктіретін коммерциялық емес, өзін-өзі басқаратын ұйым.

СҚО КП қызметі кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, бизнестің өкіметпен келіссөз үдерісін нығайту, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу үдерісіне кәсіпкерлерді тартуға бағытталғын.

ӨКП келесі негізгі бағыттар бойынша өз қызметін жүзеге асырайды:

- бизнес субъектілері мен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді әрекеттестікті ұйымдастыру;

- кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әкімшілік едергілерін азайту;

- өңірлік кәсіпкерлерді шоғырландыру;

- адами капитал сапасының өсуі жіне әлеуметтік серіктестіктің дамытуы;

- кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау, ақпараттық әдістемелік қолдау жасау.  

Еншілес ұйымдар

Серіктестер