«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қолдау

Atameken Business Channel

Бизнес-күнтізбе

Бизнеске сервистік қолдау көрсету

2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы тегін негізде бизнеске сервистік қолдау көрсету оператор қызметін атқарады.

Сервистік қолдау ШОБ үшін қажетті консультациялар мен тегін негізде бизнесті ашу және жүргізу бойынша қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Сервистік қолдау көрсету шеңберінде СҚО КП және оның аудан филиалдарында келесі қызметтерді алуға болады:

- Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты консультациялар;

- кедендік рәсімдер, оның ішінде кеден заңнамасы саласындағы консультациялар;

- Менеджмент жүйелерін енгізу бойынша консультация беру және бүкіл процесті толық сүйемелдеу;

- заң консультациялар (кәсіпорынды тіркеу, қайта тіркеу және тарату, шарт жобаларын әзірлеу)

- маркетинг сұрақтары бойынша қызметтер (құндық саясаытын дайындау, мемлекеттік сатып алулардың нәтижелерін және жоспарларын талдау)

- кәсіпкерлік қызметін қаржыландыру көздері мен қаржыландыру ресурстары туралы ақпарат;

- ақпараттық технологиялар саласындағы консультациялар )интернет-ресурстарды әзірлеу мен қолдау, электрондық есеп тапсыру бағдарламасын орнату мен қызмет көрсету)

- мемлекеттік сатып алулар саласындағы консультациялар.

Өткен жылы бес компанияның мамандары 379 кәсіпкерлік субъектілері үшін 721 қызмет көрсетті, бұл жоспарды асыра орындауын көрсетеді. Палата жүргізген монитринг кәсіпкерлер тарапынан осындау қолдауға жылдық сұранысы екі есе артты.

2015 жылы үш қызмет аутсорсингке берілген болатын: «Кызылжар Экспертиза» ЖШС және «BP Analytics» ЖШС көрсететін кеден рәсімдер, маркетинг және менеджмент қызметтері. Компаниялар іріктелуін тәуелсіз сарапшы комиссия өткізді, оған мемлекеттік пен қадағалау органдардың, облыстық мәслихат өкілдері мен СҚО Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелері кірді. Сервистік қолдаудың қалған 5 түрі бойынша палата дербес қызмет көрсетеді. Бұл үшін облыс және аудан деңгейінде қызмет көрсететін менеджер-консультантар қабылданды.

Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Өңірлік кәсіпкерлер палатасының негізінде облыстың барлық аудандарында Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары (КҚО) ашылды. Олардың мақсаты ШОК дамыту бағдарламалардың мемлекеттік шараларды түсіндіру мен бизнесті ашу және жүргізу бойынша консультациялық қызметтерді беру арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша тегін қаржылық емес қолдау көрсетуі болып табылады.

Осылай, 2015 жылдың 2 тоқсан бойнша аудандық КҚО-да 1 713 клиентке 3 646 консультациялар берілді ( 2015 жылдыі 1 тоқсан бойынша 1 485 клиентке қызмет көрсетіліп, 1 940 консультациялар берілді).

1 жартыжылдық нәтижелері бойынша клиенттердің саны 3 198 адам, ал көрсетілген қызметтер саны 5586 құрды.

Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының консультациялары өз ісін ашу немесе әрекеттегі бизнесті кеңеуге көмектеседі.

КҚО қолдауын алсаңыз:

- КҚО-ның 80 клиенті кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелді.

- «Бизнес-Кеңесші» компоненті бойынша 549 адам оқуын өтті.

- «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберіңде 15 клиентке несие жаратылды.

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықтың кәсіпкерлік қызметін жүргізу негіздеріне оқытуға бағытталған «Бизнес-Кеңесшісі» жобасын жүзеге асыру басталды.

Осы жобаның шеңберінде 21 курс өткізілді. 2015 ж. 15 шілдегі мәлімет бойынша 549 тыңдаушы оқу өтті.   

Серіктестер