«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өңірлік кеңестің мақсаттары мен міндеттері

Өңірлік кәсіпкерлер кеңесі өңірлік палатаның қадағалаушы органы болып саналады және тікелей дауыс беру арқылы 4 жыл мерзімге сайланатын кәсіпкерлік субъектілері делегаттары (қауымдастық (кеңес) өкілдерінен құралады. Өңірлік кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Заңын, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Жарғысы, Өңірлік кеңес туралы үлгілік қағидатын және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Өңірлік палатасының ішкі құжаттарын, сондай-ақ Съезд шешімін басшылыққа алады.

Өңірлік кеңестің негізгі міндеттері:

- кәсіпкерлік қызметін ынтыландыру мен қолдау мақсатында облыс аумағында әрекет ететін жеке кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктерін шоғырландыру;

- бизнес қауымдастыөтар мен жергілікті басқару органдардың келісілген инвестициялық саясатққа жәрдемдесу;

- инвестициялық климатты жетілдіру және өңірлік кәсіпкерліктің одан әрі даму, бизнестің барлық аспектілері бойынша – әкімшілік кедергілерін азайтудан қаржылық институттардың мүмкіндіктерін есепке алуымен қаржылық мәселелерін шешуге дейін кәсіпкерлік бастамалырын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайларын жасау бойынша сұрақтарына ұсыныстар мен ескертулерді әзірлеу;

Өңірлік кеңес жүктелген міндеттерін орындау мақсатында келесі қызметін атқарады:

- Өңірлік палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен байланыста жәрдемдеседі;

- Басқарма органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдеседі;

- Съезд делегаттарын сайлайды;

- Өңірлік палата мен өңірлік палата филиалдарының жұмысы негізінде Ұлттық палата алға қойған міндеттер мен мақсаттардың орындалуын қадағалайды;

- Өңірлік палаталардың қазіргі жұмысындағы экономиканың нақты салалары мен секторларының мүддесін қамтамасыз етеді;

- Ұлттық палата жұмысының тиімділігін арттыру бойынша съезге ұсыныстар енгізеді;

- Өңірлік палаталар мен өңірлік палата филиалдары басшыларының кандидатураларын келіседі;

- Кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдау жүргізеді;

- Өңірлік палата жарғысына сай өңірлік палата алдына қойылған басқа да мәселелерді шешеді;

Жүргізілген отырыстардың саны; 2013 ж. -2 отырыс, 2014 ж. - 9 отырыс. Қарастырылған сұрақтардың саны – 30.

 

Серіктестер