Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік департаменті
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік департаменті – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ары қарай – «Атамекен» ҰКП) құрылымдық бөлімшесі және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және шектерде «Атамекен» ҰКП-ның мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі қызметін қамтамасыз етеді.
Департамент барлық кәсіпкерлік субъектілері, заңды тұлғалардың бірлестіктері, ҚР ҰКП құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, Қазақстандағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытуға қатысты жетекшілік ететін мәселелер бойынша департаментпен өзара іс-қимыл атқарады.
Департаменттің негізгі міндеттері:
- «Атамекен» ҰКП құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту және экономиканың барлық салаларында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласындағы мәселелер бойынша «Атамекен» ҰКП-ның ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық және құжаттық қызметін қамтамасыз ету;
- экономиканың барлық салаларында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының нормативтік-әдістемелік тұрғыда іске асырылуын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласындағы өзекті мәселелерді шешуде кәсіпкерлік субъектілердің шоғырланған пікірін (позициясын) қорыту;
- мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласындағы кәсіпкерлік субъектілердің құқығы мен заңды мүддесін қорғауда «Атамекен» ҰКП қызметіне қатысу;
- мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласындағы мәселелер бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыруға қатысу;
- Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласындағы кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдай құруға атсалысу.