astana-view

Биші қайыңдар

Ақмола облысы

Аңызға сүйенсек, «Бурабай маңындағы ауыл жастары орман ішіндегі алаңқайға жиналады екен. Жігіттер мен қыздар ойын ойнап, ән шырқап, би ұйымдастырады. Хан жастардың талантын естіп, бұл нәрсені өз көзімен көргісі келеді. Бірақ ол жаққа бара алмайды да, жасырын түрде бармақ болады. Қарапайым жігіттің кейпінде хан ойынға келіп, қалың жұрттың арасына сіңісіп кетеді. Бір ойын екінші ойынға жалғасып, жиналғандарға би өнерін көрсететін уақыт та келіп жетеді. Алаңқайдың ортасына толған айдың сәулесімен шағылысып, қайыңдай болып қыздар шығады да, билей бастайды. Айналған ақ көйлектер желбірі, бас киімдегі үкі қанаттары өз үйлесімін тауып, бәрі керемет билеп жатты, осы уақытта шыдамаған хан: «-О, тамаша сиқыршылар, бақытты болыңдар!»-деп айқайлап жібереді. -Мынау, хан иеміз ғой,- деп көптің арасынан біреу танып қояды. Сол кезде жиналғандардың бәрі хан аяғына жығылуға жүгіреді. Биші қыздар ұялғаннан қайда тығыларын білмей, бұралған күйлерінде биші қайыңдарға айналып кетіпті-міс.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер