«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» Салық кодексіне Түсініктеме жариялауға серіктес іздейді

2019 жылғы 18 Қараша
6369 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ары қарай – Ұлттық палата) Салық кодексіне Түсініктеме әзірлеу туралы ұсыныс тастады

Жұмыстың мақсаты – салықтық мәдениетті жоғарылату, салық заңнамасын бірыңғай қолдану және кәсіпкерлердің салықтық міндеттемелерді дұрыс орындау жөніндегі ақпараттануын қамтамасыз ету.

Салық кодексіне Түсініктеме салық төлеушілердің барлық категорияларына, мемлекеттік органдар қызметкерлері, судьялар, практик-консультанттар, заңгерлер, студенттер, оқытушылар және салық құқығы мәселелерімен айналысатын барлық адамдарға арналған.

Түсініктемені әзірлеу бойынша жұмыстың аяқталуына байланысты Ұлттық палата Салық кодексіне арналған Түсініктемені жариялау мақсатында стратегиялық серіктесті іріктеу үшін екі кезеңді ашық байқауды өткізу туралы хабарлайды.

 Қатысуға өтінім еркін формада  беріледі және ашық байғауға қатысуға үміткер  байқау ұсынысын 2019 жылдың 25 қарашасы сағат 11:00-ге дейін Ұлттық палатаға әкелуі тиіс. Мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қонаев көшесі 8, «Б» блогы, 17-қабат, 1722-кабинет.

 Ұсынысқа қойылатын талаптар:

1) ҚР нормативті-құқықтық актілерін жариялау саласында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілін растау:

- НҚА жарияланауы деректемелерін мұқаба мен форзац көшірмесімен қағаз бетінде көрсету;  

- НҚА-лардың электронды нұсқалары жарияланатын электронды ресурс туралы деректерді көрсету (бар болса – НҚА базасына ақылы ресурстарына абонемент жүйесінің барын көрсету);

2) оқыту және түсіндірме іс-шараларды өткізу тәжірибесін растау (осы іс-шараларды өткізу күні мен орнын, спикерлерді, келушілер санын, әлеуетті аудиторияға арналған арнайы курстардың болуын көрсету);

 3) еңбек ресурстарының болуын растау (фукнцяилық міндеттемелерді бөліп көрсету арқылы қызметкерлер санын көрсету);

4) Салық кодексіне Түсініктеме мәтінін қазақ тіліне аударуды жүзеге асыруға арналған ресурстың барын растау (еркін формада);

5)  заңнаманы авторлық құқықты қорғауға қатысты бөлігін ұстану және тиісті міндеттемелерге қол қою туралы міндеттеме (стратегиялық серікстер ретінде іріктелген жағдайда);

  Әлеуетті стратегиялық серікстерге қойлатын талаптар:

1) ҚР нормативті-құқықтық актілерін жариялау саласында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілін растау:

2) Салық кодексіне түсініктеме жариялауға қызығушылық танытқан аудитория арасында тренингтер немесе ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізу тәжірибенің болуы (бухгалтерлер, заңгерлер, ғылыми қоғамдастық);

3) Салық кодексіне түсініктеме мәтінін қазақ тіліне аударуды жүзеге асыруға ресурстың болуы;

4) Заңнаманың авторлық құқықты қорғау қатысты бөлігін ұстану.

Өтінімдер және байқау ұсыныстары бар хаттарды ашу рәсімі 2019 жылдың 27 қарашасында сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қонаев көшесі 8, «Б» блогы, 17-қабат, 1722-кабинетінде жүзеге асырылады.

 Ашық екі кезеңді байқаудың бірінші кезеңінің қорытындысын шығару 2019 жылдың 29 қарашасында өтеді.

 Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7172) 919338 немесе электронды пошта: N.akshabayeva@atameken.kz.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер