«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау» және «Жас кәсіпкер» жобалары: кәсіпкерлерге нақты қолдау

2019 жылғы 18 Қараша
- Батыс Қазақстан облысы
8207 просмотров

Өңірлік кеңестің отырысында «Бастау» және «Жас кәсіпкер» жобаларын іске асырылуы барысы қаралды. Ақжайық, Қазталов және Бөкейорда аудандары әкімдерінің есептері тыңдалды

 Жиын басында Өңірлік кеңестің төрағасы «Атамекен» ҚР ҰКП VI Съезі жұмысы нәтижесіне тоқталып өтті. «Бастау» жобасына келетін болсақ, БҚО айтарлықтай нәтижедерге қол жеткізілді. «Бастау» жобасы пилоттық режиміде енгізілген жылы 938 адам оқуға қатысып, 53 жоба жүзеге асырылды, келесі жылы адам саны 2,5 есе өсіп, 751 жоба 2,1 млрд теңгеге қаржыланды.

 «Қазіргі таңда жобаға 13 бизнес-тренер, 13 үйлестіруші, 13 кеңесші жұмылдырылған. Жоспар бойынша 3 180 адамды оқыту межесі тұр, 2391 адам оқуға қатысып үлгерді, тағы 789 адам оқып жатыр», – деді ӨКП директоры Бақдәулет Ыбырайымов.

Өткен жылдың соңынан бастап «Бастау» жобасының түлектерінде 252,5 мың теңгеден 505 мың теңгеге дейін қайтарымсыз грант алуға мүмкіндіутері бар. 2018 жылы жалпы сомасы 12,5 млн теңгеге 52 грант бөлінді. Биыл БҚО-да осы мақсатқа 680,5 млн теңге бөлініп, 1373 грант қарастырылған.

Бүгінде «Бастау» жобасы түлектеріне 556 грант бөлінген.

Гранттық өтінімдердің көп бөлігі мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, құс шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі, ағаш және металл бұйымдары өндірісі, қызмет көрсету және басқалары сияқты салаларда бизнесті дамытуға арналған.

 Жас жылы шеңберінде ағымдағы жылы 18-29 жас аралығындағы жастарға арнап «Жас кәсіпкер» жобасы іске қосылды. Оқу екі лек бойынша өтті. Жоспар орындалды, оқып шықандардың ішінен 816 адам бизнес-жоспарларын қорғап шықты. Оқу аяқталған соң барлық тыңдаушыдарға 16,5 мың теңге көлемінде шәкіртақы және сертификат берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер