«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өнімнің сапасы мен қызмет көрсету саласындағы жетістіктері үшін берілетін ТМД сыйлығының байқауына өтінім қабылданады

2020 жылғы 03 Желтоқсан
4270 просмотров

 ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауын ұйымдастырушы ретінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, ТМД елдерінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесі өнімнің сапасы мен қызмет көрсету саласындағы жетістіктері үшін берілетін ТМД сыйлығының 2021 жылғы  VIII байқауын өткізуді жариялады.

 Өнімнің сапасы мен қызмет көрсету саласындағы жетістіктері үшін берілетін ТМД сыйлығының байқауы сапалы және бәсекеге қабілетті өнім өндірісін ынталандыру, өнімнің экспорттық мүмкіндіктерін арттыру, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының тауар өндірушілері үшін Достастық нарығында да, әлемдік нарықта да жоғары бедел құру және басты идеяны – сапаны қоғамның қажеттілігіне жұмыс істеуін жүзеге асыру мақсатында байқаудың ережесіне сәйкес екі жылда бір өтеді.

 Байқауға ТМД-ға мүше-мемлекеттің бірінде тіркелген кез келген ұйымдастырушылық-құқықтық формадағы заңды тұлғалар қатыса алады.  

 Қару-жарақ, әскери және арнайы техниканы өндірумен айналысатын ұйымдар байқауға азаматтық мақсаттағы тауарлар мен қызметтердің сапасына қатысты материалдарды ғана жібереді.

 ТМД сыйлығы келесі аталымдарда беріледі:

 1) жұмыскерлер саны бойынша:

- жұмыскерлер саны 250 адамға дейінгі ұйымдар,

- жұмыскерлер саны 250-ден 1500 адамға дейінгі ұйымдар;

- жұмыскерлер саны 1500 адамнан жоғары ұйымдар;

2) қызмет түрлері бойынша:

- өндірістік мақсаттағы өнімдер өндірісі;

- халық тұтынатын тауарлар өндірісі;

- тамақ және ауылшаруашылық өнімдерін өндіру;

- қызмет көрсету.

Өнім шығаратын және (немесе) қызмет көрсететін компаниялар ТМД сыйлығына үміткер бола алады, егер:

 -байқаудың бірінші (ұлттық) кезеңінде (ҚР-да бұл ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауы) финалға шығу;

 -шығаратын өнімнің және (немесе) көрсетілетін қызметтердің байқауға дейін кем дегенде екі жыл бойына тиісті сапасын растай алуы;

 - ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің біріне немесе бірнешеуіне өнім және (немесе) қызмет экспортын іске асыруы;

 Өнімнің сапасы мен қызмет көрсету саласындағы жетістіктері үшін берілетін ТМД сыйлығының 2021 жылғы  VIII байқауына өтінімдерді ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауын ұйымдастырушы – «Атамекен» ҚР ҰКП  2020 жылдың 25 желтоқсанына дейін қабылдайды.

 Анықтама ақпарат: Нұр-Сұлтан қаласы Қабанбай батыр д-лы 19, «Б» блогы,  тел.: 8 (7172) 919388 (ішкі 1931), e-mail: m.mukatova@atameken.kz.

 2007-2019 жылдар аралығында ТМД сыйлығын алу байқауына қатысқан отандық кәсіпорындар:

 Қазақстан Республикасы атынан «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауының 18 лауреаты қатысты.  

  • 2013 ж. – «TREI Караганда» ЖШС, Қарағанды облысы және «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті» ШЖҚ МК  Нұр-Сұлтан қаласы;
  • 2017 ж. –   «KARLSKRONA LC AB» ЖШС Шымкент қаласы және  «Petroleum» ЖШС, Алматы қаласы;
  • 2019 ж. –  «Мырза-Хан» ЖШС; және «Теміржол көлігіндегі сертификаттаудың қазақстандық орталығы» ЖШС, Нұр-Сұлтан қаласы.

ТМД сыйлығының дипломанттары:

• 2007 ж. – «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» РММ», Алматы қаласы;

• 2009 ж. – «Актюбрентген» АҚ, Ақтөбе қаласы;

• 2011 ж. – «DAMU Logistic» АҚ, Алматы қаласы; және «Іскерлік шеберлікті тану» арнайы сыйлығы «ТНК Қазхром» АҚ, Ақтөбе облысы;

• 2015 ж. – «РЗА» АҚ, Қызылорда облысы;

• 2017 ж. – «Ордабасы құс» ЖШС, Түркістан облысы;

• 2019 ж. – «Орал сауда-өндірістік компаниясы» ЖШС, Батыс Қазақстан облысы;

• «Абзал және Компания» толық серіктестігі, Қызылорда облысы;

• «Рыбпром» ЖШС, Алматы облысы.

ТМД сыйлығын алу байқауының лауреаттары мен дипломанттарын марапаттау рәсімі байқау ТМД Атқару комитеті төрағасының және ТМД консулдықтары өкілдерінің қатысуымен ТМД Атқару комитетіндегі ТМД Экономикалық Кеңесінің шешімі негізінде келесі жылы өтеді.

 ТМД 2019 байқауының жеңімпаздары ТМД экономикалық кеңесімен бекітілді, алайда лауреаттары мен дипломанттарын марапаттау рәсімі ТМД-ға мүше мемлекеттерде эпидемиологиялық ахуал жақсарған соң өткізіледі.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер