«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» биліктің заң шығару тармағының серіктесі болуға дайын – Райымбек Баталов

2022 жылғы 28 Маусым
7001 просмотров

Бүгін Парламент Мәжілісінде «Аманат» партиясы фракциясының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлескен кеңейтілген отырысы өтті. ҰКП Төралқасы және басқарма төрағасы Райымбек Баталов «Салық реформасының негізі ретінде салық салудың сервистік моделі» тақырыбында баяндама жасап, салық заңнамасының тұрақтылығы мен ашықтығын одан әрі қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстарды атап өтті.

 Райымбек Баталов депутаттық корпусқа салық саясатының өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтып, мұндай кездесулер дәстүрлі түрде ұйымдастырылатынына сенім білдірді. ҰКП Төралқа төрағасы салық жүйесін реформалау қазіргі экономикалық ситуацияға байланысты қолға алынып отыр: пандемия жағдайы, экономикалық дағдарыс және геосаяси шиеленістер бірінен кейін бірі қабаттасып,  залалды күшейтті. Жаһандық экономика стагфляция қатері туралы ескертіп, баяу өсу фазасына түсті. Райымбек Баталовтың айтуынша, қазір бизнес фукнциялаудың басқа сегментіне өтіп, басым бағыттарын өзгертіп жатыр.

«Салық жүйесін реформалау ең үздік халықаралық практикаларды ескере отырып, салық салудың сервистік бағдарланған моделін құрудың негізгі міндетін шешуі тиіс. Салық саясаты салық салу шарттарының тұрақтылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуі қажет.  Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, салық міндеттемелерін орындау барынша оңай болуы керек, – деп мәлімдеді «Атамекен» ҰКП Төралқа және басқарма төрағасы Райымбек Баталов.

Райымбек Баталов платформалық модельге көшуді ескере отырып, салық органдарының ақпараттық жүйелерінің мақсатты сәулетіне талдау жүргізу қажеттігін атап өтті.

«Атамекен» ҰКП ұсыным ретінде Үкіметке Ұлттық палатамен бірлесіп үздік халықаралық практикаларды ескере отырып, салық салудың сервистік бағдарланған моделін құруға бағытталған салық саясатының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын әзірлеу арқылы салық заңнамасының тұрақтылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуді ұсынды.

«Осы жұмыс шеңберінде бизнес субъектілерінің де, салық органдарының да қызметіне теріс әсер ететін шектеулерді анықтау үшін салық заңнамасына талдау жүргізіп, халықаралық тәжірибені зерделеу қажет. Салық саясатының ұзақ мерзімді тұжырымдамасына ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру керек. Онда: Салық кодексіне өзгерістер енгізу; жаңа платформаны енгізу; бизнес-процестердің реинжинирингі; жаңа платформаға көшу үшін салық органдарының қызметкерлерін оқытуды көздейтін салық реформасын енгізу жөніндегі шаралар кешені әзірленетін болады», – деді Райымбек Баталов. 

Қолданыстағы Салық кодексінде салық саясатының жаңа тұжырымдамасы қабылданғанға дейін ҰКП шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін оңтайландыруды, шағын бизнес санатынан орта санатқа көшу кезінде салықтық стимулдарды енгізуді ұсынады. Бұдан басқа, қолданыстағы ақпараттық жүйелерде сервистік жүйеге көшу шеңберінде жаңа енгізілімдерді сынақтан өткізу қажет. Райымбек Баталов депутаттармен осындай форматтағы жүйелі кездесулер тұрақты негізде өтуі бизнес үшін маңызды шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер