«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сенат «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» заң жобасын мақұлдады

2022 жылғы 02 Желтоқсан
8318 просмотров

Дереккөз: gov.kz

ҚР Парламенті Сенатының кеңейтілген отырысында «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары екі оқылымда мақұлданды. Заң жобаларының негізгі міндеттері – Қазақстанды жоғары дәлдіктегі геодезиялық координаттар жүйесімен қамтамасыз ету және елдің бірыңғай цифрлық картографиялық негізін құру.

Заң жобаларының нормалары геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы заңнаманы жетілдіруге, геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілері қызметінің жаңа тетіктерін енгізуге және қолданыстағы тетіктерін жетілдіруге, мемлекеттік саясатты үйлестіруді күшейтуге, геодезиялық, картографиялық қызметті реттеудің жалпыға бірдей танылған халықаралық қағидаттары мен тәсілдерін енгізуге, геоақпараттық ортаның бытыраңқылығын жоюға және осы саладағы құқықтық олқылықтар мен қайшылықтарды жоюға, «жергілікті координаттар жүйесі» ұғымдары және басқа салаларды реттеуге бағытталған.

Негізгі заң жобаның жаңашылдығы – кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымын құру. Онда бір платформада сенімді, жедел және өзекті ақпаратты тиімді пайдалану үшін бірыңғай форматта және бірыңғай талаптар бойынша кеңістіктік деректері құрылады. Сонымен қатар, ақпараттық жүйелердің шашыраңқы кадастрларын бір ақпараттық кеңістікке біріктіруді және деректерді жаңарту процедурасын автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

ҰКП бастамасы бойынша заң жобасынан кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымын жүргізу жөніндегі бірыңғай оператор ұғымы, сондай-ақ геодезия, картография саласындағы мемлекеттік кәсіпорынның функциялары және жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынылған тауар нарықтарында бәсекелес болып саналатын қызмет түрлерін орындау жөніндегі кеңістіктік  деректері алынып тасталды. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің геодезия және картография саласындағы мүддесі қамтамасыз етілді.

Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы компаниялар қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, жоғарыда аталған нормаларды алып тастау - кәсіпкерлер үшін үлкен жетістік. Өйткені олардың осы саладағы мүдделері қамтамасыз етіледі.

«Біз Ұлттық палатамен бірлесіп, үлкен жұмыс жүргіздік және осы заңдардың қабылдануы кадастрларды жүргізу сапасын арттыру және геодезия, картография саласындағы кәсіпкерлердің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету есебінен елдегі геодезиялық қамтамасыз ету жүйесін жақсартуға ықпал етеді деген үміттеміз», – деп атап өтті қауымдастық мүшесі Абзал Жамалов.

Ілеспе заң жобасында Жер кодексіне, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңға, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Енді заң жобалары Мемлекет басшысына қол қоюға жолданды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер