«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Сергеевич Глотовтың кәсіпкерлермен кездесуі өтті.

2024 жылғы 19 Қараша
- Астана қаласы
668 просмотров

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Сергеевич Глотовтың кәсіпкерлермен кездесуі өтті.

Кездесу ашық микрофон форматында өтті.

Бұл іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ ірі және орта бизнес өкілдері қатысты.

Шақырылған кәсіпкерлер Астана кәсіпкерлігін алаңдатқан өзекті мәселелерді көтере алды.

Олардың ішінде бөлшек салықты төмендету, отандық тауар өндірушілерді қолдау, туризмді дамыту, ақылы тұрақ орындар мәселесі қозғалды.

Аймақтық кеңесімен әртүрлі салаларды қамтитын 40-тан астам жүйелі мәселелер мен ұсыныстар құрылды.

Барлық сұрақтарға әкім орынбасары нақты жауап беріп, жергілікті билік органдары бизнесті қолдау, әкімшілік кедергілерді азайту және өсіп-даму үшін жағдай жасау бағытында барлық күш-жігерін жұмсап жатқанын атап өтті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер