«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Колледжді сенімді басқару туралы

Әлемде жүйе құраушы компаниялар мен кәсіпорындар тарапынан оқу орындарына сенімгерлік басқару тәжірибесі дамыған.

Сенімгерлік басқару – мүлік мемлекет пен сенімгерлік басқарушының пайдасына басқаратын заңды тұлғаға берілетін шарттық қатынастар.

Колледж кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз берілуі мүмкін.

НҚА:

  1.  «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңы;
  2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексі
  3. Сенімгерлік басқаруға беру қағидалары

ҚАДАМДАР:

  1. Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгіну
  2. Танысу және колледжді таңдау
  3. Колледжді дамытудың перспективалық жоспарын әзірлеу (үлгі)
  4. Колледжді сенімді басқаруға алу ниеті туралы облыс/қала әкімінің атына өтініш жазу
  5. Жергілікті атқарушы орган тендер өткізу туралы жариялайды
  6. Тендерге қатысу (өтінім)
  7. Шарт жасасу

 

Сұрақ: Колледжді сенімді басқару дегеніміз не?

Жауап: Бұл – шарттық қатынастар, оған сәйкес колледж мемлекет пайдасына басқаратын заңды тұлғаға беріледі.

Сұрақ: Колледжді сенімді басқарудың артықшылықтары қандай?

Жауап: Білім беру бағдарламаларын өз талаптарына сай жаңарту

Практиктерді оқытуға тарту

Бизнес-процестерді оңтайландыру

Сұрақ: Колледжді сенімді басқаруға кім ала алады?

Жауап: Салалық, ірі кәсіпорындар (ЖШС, АҚ, консорциум)

Сұрақ: Басқаруда қандай тәуекелдер бар?

Жауап: Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жыл сайынғы қаржыландыру

Кадр саясатын білім басқармасымен келісу

Сұрақ: Колледж неше жылға сенімгерлік басқаруға беріледі?

Жауап: Бес жылдан аспайтын мерзімге, өзге де шекті мерзімдер белгіленуі мүмкін

Сұрақ: Мемлекеттік тапсырыс сақтала ма?

Жауап: Шартта жазылғандарға сәйкес

Сұрақ: Колледжді жөндеуді кім қаржыландырады? Жабдық сатып ала ма?

Жауап: Сенімгерлік басқарушы

Сұрақ: «Жас маман» жобасына қатысатын колледждер беріле ме?

Жауап: Уәкілетті органның ұстанымына сәйкес «Жас маман»  жобасына қатысатын колледждер берілмейді

Сұрақ: Кеңес алу үшін қайда жүгінуге болады?

Жауап: Сіздің облысыңыздың өңірлік кәсіпкерлер палатасына

Еншілес ұйымдар

Серіктестер