astana-view

Тамақ өнеркәсібі комитеті

БАЛАПАНОВ ЕРІК ЖҰМАХАНҰЛЫ

Комитет төрағасы

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Тамақ өнеркәсібі комитеті 2013 жылдың қараша айында құрылған. Комитет Ұлттық палата Төралқасының тұрақты жұмыс органы болып табылады.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқасы мен Басқармасына ұсыныстар әзірлеу және сараптама жасау Комитет міндетіне кіреді:

1. тамақ өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік саясатқа тұжырымдамалық тәсілдемелер жасау;

2. салаға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру;

3. тамақ өнеркәсібі саласындағы заңнамалық және (немесе) ұйымдастырушылық шешімді талап ететін басым мәселелерді анықтау;

4. саланы дамытудағы негізгі стратегиялық бағыттар бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірыңғай ұстанымын қалыптастыру;

5. саланы дамыту бойынша мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысу;

6. халықаралық салалық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту бойынша ұсыныстарды енгізуге қатысу.

 

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер