Біз туралы
Қаз
Қазақстан бойынша тегін:
1432 | 8-800-080-80-10
Whatsapp: +7 778 870 1432

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Өзін-өзі реттеуді дамыту мәселесі жөніндегі комитет

Ұлан Байжанов

Комитет төрағасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының Өзін-өзі реттеуді дамыту мәселесі жөніндегі комитеті
2016 жылы кәсіпкерлік саласындағы өзін-өзі реттеуді дамыту бойынша, өзін-өзі реттеу саласындағы проблемаларды жалпылау және мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беруіне байланысты Ұлттық Палатаның міндеттерін шешу үшін бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу тиімділігін арттыру мақсатында құрылды.

Комитеттің міндеттері Ұлттық палатаның Президиумы мен Басқармасына келесі мәселелер бойынша ұсыныстарды талдау және әзірлеуді қамтиды:

1) өзін-өзі реттеуді дамыту және мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға берудегі мемлекеттік саясатқа тұжырымдамалық көзқарастар;

2) кәсіпкерлік саласындағы өзін-өзі реттеуді дамыту мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру;

3) заңнамалық және (немесе) ұйымдастырушылық шешімдерді қажет ететін өзін-өзі реттеуді дамыту және мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру бойынша басым мәселелерді анықтау;

4) Қазақстан Республикасында өзін-өзі реттеуді дамыту бойынша мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

5) халықаралық ынтымақтастықты дамыту және шет елдермен ынтымақтастық шеңберінде экономикалық өзін-өзі басқару саласындағы тәжірибе алмасу.

Серіктестер