Ұйымдастыру және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті
Ұйымдастыру және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент) «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Басқарма мүшесіне бағынады.
Департамент өз қызметін келесі мәселе блоктары бойынша жүзеге асырады:
- «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімшелерінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету, сатып алуды жүзеге асыру және ішкі іс-шараларды ұйымдастыру;
- Ұйымның бизнес-процестерін анықтау, сипаттау, оларды одан әрі цифрландыруға жәрдемдесу және автоматтандыру;
- Құрылымдық бөлімшелердің ІТ-қажеттілігі негізінде «Атамекен» ҚР ҰКП ІТ-стратегиясын қалыптастыру. «Атамекен» ҚР ҰКП ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын сүйемелдеу;
- ҰКП-да құжат айналымының бірыңғай жүйесін жүргізуді ұйымдастыру, бақылау және оны жетілдіру;
- Ресми құжаттарды түзету және мемлекеттік тілге аудару;
- ҰКП құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеу;
- ҰКП келушілерінің кездесуін ұйымдастыру.
Департамент ҚР ҰКП барлық құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.