Мұнай-газ секторы департаменті
Мұнай-газ секторы департаменті (бұдан әрі – Департамент)  «Атамекен» ҚР ҰКП құрылымдық бөлімшесі. Департамент қызметінің бағытына мұнай-газ өнеркәсібі мәселелері кіреді.
Департамент «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) жұмыс органы болып табылады.
 
Департаменттің негізгі міндеттері мен функциялары:
•    салалық комитеттердің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз ету;
•    жетекшілік ететін салалық бағыттардағы түйінді мәселелерді шешу бойынша кәсіпкерлік субъектілері мен қауымдастықтардың (одақтардың) шоғырландырылған пікірін (ұстанымдарын) әзірлеу;
•    жетекшілік ететін салалық бағыттарда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
•    жетекшілік ететін салалық бағыттардағы мәселелер бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің және олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыруға қатысу;
•    жетекшілік ететін салалық бағыттарда Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға жәрдемдесу.
 
    
 
             
             
             
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                    
