«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Солтүстікте биресми саудаға қарсы күресті күшейту ұсынылды

2017 жылғы 03 Мамыр
- Солтүстік Қазақстан облысы
6614 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы көшедегі саудамен хабарлай отырып күресуді ұсынды

Солтүтік Қазақстандағы бизнесмендер Кәсіпкерлер палатасы алаңында полиция қызметкерлерімен және депутаттармен бірге рұқсат етілмеген жерде сауда жасау мәселесін шешудің жолдарын қарастырды.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше 2017 жылдың басынан бері облыс аумағында аталған мәселеге қатысты 818 әкімішілік құқықбұзушылық тіркелген.

Төрт адамға жалпы сомасы 91 мың теңге айыппұл салынды. Алайда, полицейлердің айтуынша, заң бұзғандардың ешқайсысы өз қарыздарын өтемеген.

«Көп жағдайда заң бұзушыларды айыппұл түрінде әкімішілік жазаға тарту мүмкін болмайды, себебі тұлға заң бұзғанымен келіседі, сондықтан қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұлғаға қатысты ескерту беру немесе 5 АЕК көлемінде айыппұл салу түріндегі қаулы шығарылады. Жазаны қолданылмауы мен салынған айыппұлды төлету мақсатында өнімдерін алуды жүзеге асыру керек. Алайда, сол өнімдерді сақтау мәселесі де туындайды. Сондықтан, алынған өнімдерді сақтау үшін тоңазытатын камерасы бар арнайы орындар бөлу мәселесін де шешу керек», – деп түсіндірді СҚО Ішкі істер департаменінің өкілі Айбын Байматов.

Бизнесмендер міндетіне олақ қарайтын саудагерлер заңға бағынатын кәсіпкерлердің беделіне зиянын тигізеді деп есептейді. Олардың айтуынша, қолданыстағы жазалау шараларының тиімділігі жоқ. Ең жоғары айыппұл 20 мың теңгеден сәл асады, ал заңсыз жұмыс істейтіндердің бір күндік табысы әлдеқайда көп болуы мүмкін.

«Былтыр бір жағдай орын алды. Көшеде сатып тұрғандардан балаларға тамақ сатып алып беріп, олар содан уланып қалды. Анық-қанығын білу үшін бізге келді, алайда санитарлық нормаларды сақтамай жұмыс істейтін заңсыз кәсіпкерлердің бізге ешқандай қатысы жоқ екенін түсіндірдік. Мән-жайды анықтап, прокуратура араласқаны жақсы болды, дегенмен жұрт базардың алдында тұрған саудагерлер үшін жауап бермейтінімізді түсінбейді. Көп жылдан бері күресіп келеміз, бірақ шешімін таппадық», – дейді орталық көтерме сауда базарының меңгерушісі Лариса Воронова.

Кәсіпкерлер палатасында рұқсат етілмеген саудаға қарсы күресті біріктіру ұсынылды.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер