Өңірлік Кеңестің ұсыныстары
СҚО кәсіпкерлер палатасыныі Өңірлік Кеңесі келесі ұсыныстарды енгізді:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасына және т.б.
- мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мерзімі III, IV санат объектілер үшін 1 айдан 10 жұмыс күнге дейін қысқартуы;
- қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар алу өтінімдерді қаралуы мерзімі III санат объектілер үшін айдан 10 жұмыс күнге дейін, IV санат объектілер үшін 5 жұмыс күнге дейін қысқартуы;
- қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың әрекет ету мерзімі IV санат объектілер үшін мерзімсіз негізде беріледі, бұрын рұқсаттардың ірекет ету мерзімі – 5 жылдан артық емес болатын;
- шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл мөлшерінің 100 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін қысқартуы, өйткені бүгінде олар орта кәсіпкерлік субъектілеріне теңестірілді;
- төлем карточкалардың төлемдерін қабылдаудан бас тартуы үшін айыппұл мөлшері 30 АЕК-тен 5 АЕК-ке дейін төмендетілді.
Қосымша ұсыныстар енгілді, олар заң жобасына енгізілмеген, алайда енгізілуі мүмкін.
Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындылары мен қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың әрекет ету мерзімі II және III санат объектілері үшін 5-тен 7 жылға дейін ұзартылды.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі:
- жергілікті атқарушы органдардың облыс аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын кезең-кезеңмен салу бойынша шараларды қолдану туралы. 2014 жылында ҚТҚ полигондары үшін жер телімдерін рәсімдеу үшін жергілікті бюджеттен 20,8 млн.теңге бөлінді. Жасасқан меморандум мен бірлескен іс-шаралар жоспары шеңберінде осы мәселені одан әрі шешуі бойынша әкімдікпен бітімге келді.
Тау-кен, құрылыссаласы, сүт өңдеуші және өндіруші кәсіпорындардың мәселелі сұрақтары бойынша жергілікті атқарушы органдары үшін ұсыныстар әзірленген болатын.