«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлердің назарына!

ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі  "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс - қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - КЖ/ТҚҚ туралы Заң) 3-бабына сәйкес қаржы мониторингі субъектілеріне (бұдан әрі-ҚМС) мыналар жататынын хабарлайды:

  1. заң консультанттары және заң мәселелері бойынша басқа да тәуелсіз мамандар (КЖ / ТҚҚ туралы Заңмен белгіленген жағдайларда);
  2. бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлер;
  3. лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
  4. бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
  5. жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар жатады.

Жоғарыда көрсетілген ҚМС (бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлерді қоспағанда) уәкілетті органға "Қаржы" санатындағы Е-license порталы (сілтеме - https://elicense.kz/ ) арқылы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

Сондай-ақ ҚМС үшін КЖ / ТҚҚ саласындағы заңнама талаптары бар, ақпаратпен танысу үшін қаржы мониторингі субъектілері "ҚМС кабинетінде"тіркеуден өтуі қажет (сілтеме - https://www.web-sfm.kfm.kz/, кабинетті пайдалануды басқару - https://afmrk.gov.kz/assets/files/departament/290-py70k2.pdf).

КЖ/ТҚҚ туралы Заңның талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілік ҚР ӘҚБтК-нің 463 және 214-баптарында көзделген.

Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-97-52.

Қазақстанда базалық, міндетті және ерікті деңгейде мемлекет пен жұмыс берушінің және жұмыскердің арасындағы жауапкершілікті бөлуді көздейтін әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі моделі жұмыс жасайды.

Бірінші деңгей - Қазақстан Республикасы Конституциясы аясында кепілдік берілген  әлеуметтік  төлемдерді, яғни  барлық  азаматтарға  бірдей деңгейде  тағайындалатын  төлем (базалық зейнетақы төлемі, мемлекеттік жәрдемақылар, бала туғанда берілетін біржолғы төлем, бала күтімі бойынша төлемдер және т.б.);

Екінші деңгей - еңбек өтіліне  және  еңбекақысының  мөлшеріне  байланысты  ынтымақты  зейнетақы, жинақталған зейнетақы  мен әлеуметтік сақтандыру аударымдары есебінен жүргізілетін  әлеуметтік төлемдер, яғни азаматтардың  қоғамды дамытуға қосқан  жеке үлестерін ескеретін қосымша әлеуметтік  қамсыздандыру;

Үшінші деңгей - ерікті және кәсіптік  жинақтау немесе сақтандандыру жарналарының  есебінен  жүргізілетін  әлеуметтік  төлемдер.

 Міндетті әлеуметтік сақтандыру елімізде 2005 жылы енгізілді және жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша түрі болып табылады.  Жүйе жұмыс берушілердің өз жұмыскерлері үшін, жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен шұғылданатындардың, сонымен қатар бірыңғай жиынтық төлем төлеушілердің өз пайдасына аударатын әлеуметтік аударымдарының есебінен қаржыландырылады. Осылайша, Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) аударылатын әлеуметтік аударымдар  жұмыскердің еңбек ақысынан ұсталынбайды, ол алатын табыстың 3,5% мөлшерінде жұмыс берушінің қаржысы есебінен төленеді.

 Жұмыс істейтін азамат, сондай-ақ ол қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелері  әлеуметтік тәуекел туған жағдайда МӘСҚ-нан әлеуметтік төлем алуға құқылы. Төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдар төленген табысқа, сонымен бірге аударымдарды төлеу ұзақтығына тікелей байланысты болады.

Қазіргі уақытта МӘСҚ-дан еңбекке қабілеттілігінен айырылуы, асыраушысынан айырылуы, жұмысынан айырылуы, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылуы   және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылуы жағдайларына әлеуметтік төлемдер төленеді.

COVID пандемиясына байланысты туындаған жаһандық дағдарыс біздің елімізді де айналып өтпеді. 2020 жылдан бастап жұмысынан айырылған азаматтардың санының және осыған байланысты МӘСҚ-дан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдердің сомасының өскенін атап өту керек.

Жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді алудың басты шарттары тұрғылықты жердегі Жұмыспен қамту орталығына барып жұмыссыз ретінде тіркелу қажеттігі және 6-айдан кем емес еңбек өтілінің болуы. Жұмыскердің еңбек өтілі МӘСҚ-на келіп түскен ай сайынғы әлеуметтік аударымдар арқылы анықталады. 

Цифрландыру заманында карантин кезінде үйден шықпай-ақ көп мәселелерді шешудің мүмкіндіктері бар, соның бірі «бір терезе» қағидасы арқылы электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда (egov.kz) электрондық үкімет порталы немесе (enbek.kz) Электрондық еңбек биржасы порталы арқылы немесе Жұмыспен қамту орталығына барып жұмыссыз ретінде тіркелу және МӘСҚ-дан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемге өтініш беру қарастырылған.

Жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді жұмыссыз ретінде тіркелген кез-келген адам ала алмайды, тек қана МӘСҚ-на әлеуметтік аударымдар түскен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы құқылы. Бұл әлеуметтік төлемнің мөлшері жұмыскердің соңғы екі жылдағы орташа  айлығының 40% құрайды, ал тағайындау мерзімі: егер әлеуметтік аударымдар МӘСҚ-ға 6-айдан 12-айға дейін түссе – 1 айға;  12-айдан 24-айға дейін түссе – 2 айға; 24-айдан 36-айға дейін түссе – 3 айға; 36-айдан 48-айға дейін түссе – 4 айға; 48-айдан 60-айға дейін түссе – 5 айға; 60 және одан көп ай болғанда – 6 айға тағайындалады. Тағайындалған әлеуметтік төлемнен 10% міндетті зейнетақы жарнасы ұсталынады.

МӘСҚ-нан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем  республика бойынша 2020 жылы 99 123 адамға 15,8 млрд теңге, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 3 110 адамға 279 млн. теңге, ал 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығында республика бойынша 70 253 адамға 9,1 млрд теңге,   оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 1 886 адамға 152,3 млн. теңге төленген.

Жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыра отырып және тұрғындардың жұмыспен қамтылуын ынталандыру арқылы бүгінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстандағы әлеуметтік- экономикалық қатынастардың маңызды және қажетті элементі болып отыр.

А.С. Жүнісова,

СҚО бойынша  «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры

Презентациямен мына жерде танысуға болады

 

 

 

АИТВ/ЖИТС БИЗНЕСКЕ ӘСЕР ЕТПЕЙДІ!

АИТВ-мен өмір сүретін тұлғалар және жұқпалы емес адамдар сияқты құқығылы.

Жұмыстан босатуға, жұмысқа қабылдауға сондай-ақ басқа да құқықтарына шек қою жол бермеу мен АИТВ жұқтырған тұлғалар заңды мүдделі.

АИТВ-жұқпасына байланысты Сіздің бизнесіңіз ешқашан шығынға ұшырамайды.

АИТВ-жұқпасы Сіздің бизнесіңізге қауып төндірмейді!!!!

Жыл сайын Дүниежүзілік экономикалық форумы «Жаһандық бесекелеске қабілет туралы есеп беру» аясында бизнеске АИТВ/ЖИТС әсері туралы компания басшылары сауал өткізеді.

«Сіздің ойыңызша, соңғы бес жыл ішінде Сіздің компанияңызға төменде көрсетілген аурулар қаншалықты қатты әсер етеді (өлім жағдайына әсер түрлері бар, еңбекке жарамсыздықты жоқ алту, медициналық және жерлеу шығындары, өнімділік және жұмысқа шықпау, наем және персоналдарды оқытуға шығындар, кірістер)?»

 

1=сіздің бизнесіңізге

қатты әсер етуі

 

                                                  7=сіздің бизнесіңізге

                                ешқашан негативсіз әсер етпейді

 

 

  1 2 3 4 5 6 7
а. АИТВ/ЖИТС V

Өзіңіздің азаматтық позицияңызды көрсетіңіз!

                                                                                                           ЖЕТІНІ ТАҢДАҢЫЗ!

                                                                                                   Шын бейнені көрсетіңіз! 

   Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға жыл сайынғы республикалық байқау басталды. Оған солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер де қатыса алады. Байқауға қатысуға өтінімдерді үстіміздігі жылдың 1 шілдесіне дейін беруге болады.

   Білтірдан бастап байқауды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлттық палатасы болып табылады. Бүгіндері бұл байқау ұлттық бренд мәртебесін иемденді және сапа саласындағы ең беделді шаралардың біріне айналды. Мемлекет басшысының сыйлығы жыл сайын өнімдер мен қызметтердің сапасын жақсартуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгені, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені, сондай-ақ, сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізгені үшін конкурстық негізде беріледі.

   Аталмыш байқау осызаманғы менеджменттің даму үрдісі мен сапа жөніндегі Еуропа сыйлығы моделімен үйлестірілген үлгі бойынша өткізіледі.

   Байқау мынадай аталымдар бойынша ұйымдастырылады:

  • «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;
  • «Тұрғындар үшін тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын»;
  • «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын».

   Әр аталымда санаттар бойынша үш сыйлық беріледі:

  • шағын кәсіпкерлік субъектісі;
  • орта кәсіпкерлік субъектісі;
  •  ірі кәсіпкерлік субъектісі.

   «Алтын сапа» сыйлығына Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар шығарумен, қызметтер көрсетумен (қару-жарақ және әскери техника өндірісінен басқа) айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үміткер бола алады.

   Конкурс-көрмеге қатысуға өтінімдер беру мәселелері бойынша толық ақпараттарды мына мекенжайдан алуға болады: Петропавл қаласы, Абай көшесі, 29-үй, 101-кабинет, сайтты http://www.altynsapa.kz, телефоны: 8(7152)50-36-42.

13.05.2016

   Құрметті кәсіпкерлер, бүгіндері «Қазақстанның үздік тауарлары» өңірлік конкурс-кқормесіне қатысуға өтінімдер қабылдануда. Бұл Сіздердің өнімдеріңізді жарнамаладың тамаша мүмкіндігі болып табылады.

   Бұл конкурс-көрмеге біздің облыстың аумағында өнеркәсіп, азық-түлік тауарларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы (қару-жарақ және әскери техника өндірісінен басқа) өнімдер шығаратын, өнімнің тұраұты жоғары деңгейдегі сапасы мен оны жүйелі түрде жақсартуды қамтамасыз етуде жақсы нәтижелерге қол жеткізген жеке кәсіпкерлермен қатар заңды тұлғалар да қатыса алады.

   Конкурс-көрме мынадай аталымдар бойынша өткізіледі:

  • «Өндірістік мақсаттығы үздік тауарлар»;
  • «Тұрғындарға арналған үздік тауарлар»;
  • «Үздік айыл шаруашылығы тауарлары».

   Конкурс-көрмеге қатысу ө бұл әрбір кәсіпорын немесе жеке кәсіпкер үшін жарнама жасау мен тұтынушылар тартудың нақты мүмкіндігі болып саналады. Конкуср-көрмеге қатысуға өтінімдер үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады.

   Өңірлік байқаудың әр аталымы бойынша бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған жүлдегерлер республикалық «Қазақстанның үздік тауары» конкурс-көрмесіне қатысады.

   Конкурс-көрмеге қатысуға өтінімдер беру мәселелері бойынша толық ақпараттарды мына мекенжайдан алуға болады: Петропавл қаласы, Абай көшесі, 29-үй, 101-кабинет, сайтты http://www.altynsapa.kz, телефоны: 8(7152)50-36-42.

13.05.2016

Еншілес ұйымдар

Серіктестер