«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Хабарландырулар

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ӨКП) ШОБ субъектілерінен 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде «Мен кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» құралы бойынша «Кәсіпке бағыт» салалық (бейіндік) оқытудың келесі бағыттары бойынша өтінімдер қабылдау мен топтарды қалыптастыруды жариялайды:

1. Балық өсіру

2. Тұқым шаруашылығы

3. Ара шаруашылығы, бал өндірісі

4. Сүтті ірі қара мал 

5. Туризм

 

«Кәсіпке бағыт» жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің кәсіпкерлік әлеуетін арттыру мақсатында құзыреттерді оқытуды және салалық (бейіндік) оқытуды қамтиды.

«Кәсіпке бағыт» салалық (бейіндік) оқытуы өтеусіз негізде ұсынылады.

Оқуды аяқтағаннан кейін оқудан өткені туралы сертификат беріледі.

Өтінімдер сенбі мен жекснбіден басқа күн сайын сағат 18.00-ге дейін 2023 жылдың "31" тамыз дейін қабылданады.

 Өтінім нысанын, сондай-ақ қатысу шарттары бойынша кеңестерді К.Сутюшева к. 60 (БЦ Квартал) 4 қабатта мекен-жайы бойынша орналасқан Солтүстік Қазақстан облысының ӨКП кеңсесінің менеджер-консультанттарынан алуға болады.

ӨКП-дағы байланыс тұлғасы Уразалинова Жанар Жасулановна менеджері, 87017428878

                                                                 

Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасының  азаматтарын келесі мамандар ретінде жұмысқа қабылдау үшін өтінімдерді іріктеу өткізуді бастау туралы хабарлайды:  

 1. «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамыту мемлекеттік бағдарламасының «Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шаралары» төртінші бағыты аясында «Қолданыстағы кәсіпкерлік қызмет жүргізу үшін сервистік қолдау» компоненті бойынша Петропавл аудандарында Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығының менеджер-консультанттары ретінде келесі қызметтерді көрсету үшін: 

- бухгалтерлік және салықтық есеп, сондай-ақ статистикалық есеп жүргізу жөніндегі қызметтер; - заңгерлік қызмет көрсету; 

 мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар және жер қойнауын пайдаланушылар сатып алуларымен байланысты қызметтер. Іріктеу қатысушыларына қойылатын талаптар: 

-  жоғары білімі бар болуы;

 - сервистік қызмет көрсету түрлері бойынша 1 (бір) жылдан кем емес кеңес беру немесе осы салада 2 (екі) жылдан кем емес тәжірибесінің болуы; 

-  мемлекеттік және орыс тілдерін білу;

 - дербес компьютерді еркін меңгеру.   

2. Кәсіпкерлерді ақпараттық қамтамасыз ету (бизнесті қолдау бағдарламалары бойынша консультация өткізу) жөніндегі қызметтерді көрсету үшін Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен аудандарында Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының менеджер-консультанттары ретінде. Іріктеу қатысушыларына қойылатын талаптар:

- кәсіптік немесе жоғары білімі бар болуы;

- кәсіпкерлікті қолдау саласында 2 (екі) жылдан кем емес және/немесе 1 (бір) жылдан кем емес кеңес беру және/немесе мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру саласында тәжірибесінің болуы;

-  мемлекеттік және орыс тілдерін білу;

- дербес компьютерді еркін меңгеру.

Өтінімдер 2020 жылғы 25 желтоқсаның сағат 18.00-ге дейін қабылданады.  

Қажетті құжаттардың тізімі:

1) нысан бойынша өтінім;

2) жеке куәлігінің көшірмесі;

3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

4) жоғары білім туралы дипломның көшірмесі;

5) ізденушінің нысан бойынша сауалнамасы.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар папкаға салынып, қолма-қол немесе пошта бойынша құжаттарды қабылдаудың көрсетілген мерзімінде ұсынылады. Өтінім нысанын және іріктеуге қатысу шарттарын  Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде қағаз түрінде мына мекенжай бойынша: Петропавл қ., К.Сутюшев., 60 үй, алуға болады немесе a.yebzhanov@atameken.kz. электрондық поштасына сұрау бойынша электрондық түрде алуға болады. ӨКП байланыс тұлға: Ебжанов Айдос Маратұлы, Қаржылық емес қолдау бөлімінің сарапшысы, тел. 8 (7152) 502-874 (ішкі 5929).

 

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы облыс тұрғындары мен кәсіпкерлерін «Саби» қоры көрсетіп жатқан қайырымдылық көмек аясында, коронавирусқа қарсы денелерді анықтау бойынша тегін экспресс-тестілеу өтуге шақырады. Тестілеуді орындайтын оператор ретінде жеке зертханалардың біреуі тағайындалды.

Экспресс-тестіні өту үшін cdl.kz сайтында сауалнама толтыру қажет. Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары эпидемилогиялық өлшемдер негізінде сауалнамаларды іріктеп алады.  Содан кейін, байланыс-орталықтың операторлары пациентпен байланысып әр қайсы пациентке емшара кабинетіне келу уақытын жеке тағайындайды.  

Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында пациент белгілі ережелерді сақтау тиіс, ол:

  • нәтижені алу үшін электрондық поштаны көрсету;

  • қатан түрде көрсетілген уақытта келу;

  • маска киіп келу;

  • емшара кабинеті келушілерінің арасында 1,5-2 метр арақашықтықты сақтау.

Экспресс-тестілеу коронавирусқа деген иммундық жүйенің әсерін бағалап, бармақтан алынған қанда IgM және IgG классты ерекше қарсы денелерді анықтайды.

  • IgM қарсы денелер бірінші болып қалыптасады, індет жұққаннан кейін 7-10 күн аралығында пайда болады. 

  • IgG қарсы денелер кейін қалыптасады, ол індетпен ауырған әрі оған қарсы қалыптасқан иммундық жауаптың белгісі болып табылады.

Экспресс-тестілеудің нәтижесі талдау тапсырғаннан кейін 15 минутта ұсынылып, сауалнама толтырған кезде көрсеткен электрондық поштаға жіберіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасының  азаматтарын келесі мамандар ретінде жұмысқа қабылдау үшін өтінімдерді іріктеу өткізуді бастау туралы хабарлайды:  

 1. «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамыту мемлекеттік бағдарламасының «Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шаралары» төртінші бағыты аясында «Қолданыстағы кәсіпкерлік қызмет жүргізу үшін сервистік қолдау» компоненті бойынша Петропавл аудандарында Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығының менеджер-консультанттары ретінде келесі қызметтерді көрсету үшін: 

- бухгалтерлік және салықтық есеп, сондай-ақ статистикалық есеп жүргізу жөніндегі қызметтер; - заңгерлік қызмет көрсету; 

- отандық өндірушілерге өз өнімдерін өткізуге көмектесу бойынша кеңес беру қызметтері; 

- электрондық сандық қызметтерді ұсыну бойынша кеңес беру қызметтері; -

 мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар және жер қойнауын пайдаланушылар сатып алуларымен байланысты қызметтер. Іріктеу қатысушыларына қойылатын талаптар: 

-  жоғары білімі бар болуы;

 - сервистік қызмет көрсету түрлері бойынша 1 (бір) жылдан кем емес кеңес беру немесе осы салада 2 (екі) жылдан кем емес тәжірибесінің болуы; 

-  мемлекеттік және орыс тілдерін білу;

 - дербес компьютерді еркін меңгеру.   

2. Кәсіпкерлерді ақпараттық қамтамасыз ету (бизнесті қолдау бағдарламалары бойынша консультация өткізу) жөніндегі қызметтерді көрсету үшін Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен аудандарында Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының менеджер-консультанттары ретінде. Іріктеу қатысушыларына қойылатын талаптар: - кәсіптік немесе жоғары білімі бар болуы; - кәсіпкерлікті қолдау саласында 2 (екі) жылдан кем емес және/немесе 1 (бір) жылдан кем емес кеңес беру және/немесе мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру саласында тәжірибесінің болуы; -  мемлекеттік және орыс тілдерін білу; - дербес компьютерді еркін меңгеру. Өтінімдер 2020 жылғы 15 мамырының сағат 18.00-ге дейін қабылданады.   Қажетті құжаттардың тізімі: 1) нысан бойынша өтінім; 2) жеке куәлігінің көшірмесі; 3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 4) жоғары білім туралы дипломның көшірмесі; 5) ізденушінің нысан бойынша сауалнамасы. Жоғарыда көрсетілген құжаттар папкаға салынып, қолма-қол немесе пошта бойынша құжаттарды қабылдаудың көрсетілген мерзімінде ұсынылады. Өтінім нысанын және іріктеуге қатысу шарттарын  Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде қағаз түрінде мына мекенжай бойынша: Петропавл қ., К.Сутюшев., 60 үй, алуға болады немесе a.yebzhanov@atameken.kz. электрондық поштасына сұрау бойынша электрондық түрде алуға болады. ӨКП байланыс тұлға: Ебжанов Айдос Маратұлы, Қаржылық емес қолдау бөлімінің сарапшысы, тел. 8 (7152) 502-874 (ішкі 5929).
 

«Қазақстаның 100 жаңа есімі» арнайы жобасы (әрі қарай - Жоба) қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының аясында іске асырылатың ең танымды және беделді жобалардың бірі болып табылады.

«Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.

2019 жыл Тұңғыш Президент – Елбасы ұсынысымен Жастар жылы болып белгіленгенін ескере отырып, биылғы жылы 39 жасқа дейінгі жас қазақстандықтардың жетістіктерінің тарихын іздеуге және таңдауға ерекше назар бөлу жоспарлануда.

Үміткерлер ruh.kz сайтында өтінім толтырып, және қалауы бойынша өз жетістіктері туралы бейнероликті жүктеп Жобаға қатыса алады. Өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 25 қыркүйектен 1 қарашаға дейін жүзеге асырылады.

Жобаға бұқаралық және ауқымдық сипат беру мақсатында, аймақтардың халық санына пропорционалды квота жасақталды.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Wipon» мобильді қосымшасының қолдауымен 2019 жылдың 21 тамызынан 30 қарашасына дейін «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!»  акциясын өткізеді.

Өткен жылдағыдай, ағымдағы жылы да акция «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылатын болады, бұл қосымшаны Apple App store және Google Play market-тен тегін жүктеуге болады.

Акцияға онлайн-БКМ фискалды чегінің деректерін жіберу жолымен тауардың, жұмыстың немесе қызметтің тұтынғанын растаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Чекті жібергеннен кейін қатысушы 5 000 теңгеге дейінгі қаражатты бірден телефон теңгеріміне алу мүмкіндігін алады. Жедел сыйлықтардың жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды. Барлық жіберілген чектер акцияның бас жүлдесі - автокөлік ұтыс ойынына қатысады.

 Егер фискалды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарға видео арқылы шағым жасауы мүмкін. Акция кезінде ұтысқа онлайн-БКМ фискалды чектері қатысады.

Бас финал жылдың соңында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді. Онда бағалы сыйлықтар, оның ішінде бас жүлде – автомобиль ұтысқа салынады. Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Осылайша, қатысушы қаншалықты көп чек жіберсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі.

 

Чекті талап етіп, 5 000 теңгеге дейін теңгеріміге  және  автокөлік ұтуға мүмкіндік ал!

Анықтама телефоны: 8 (7152) 50-00-64,46-45-65!

 

 

                                                                    Петропавл  каласы  МКБ

     2019 жылдың 05 және 07 қазанда  «Бастау Бизнес» жобасы бойынша тегін курстар шеңберінде оқыту кезеңіне қабылдау үшін тестілеу жүргізіледі. Курстар кәсіпкерлікті жүргізу негіздеріне арналған. Өз бизнесін ашуды қалайтын жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, NEET санатындағы жастарды, аз қамтылған көп балалы отбасы мүшелерін, аз қамтылған еңбекке жарамды мүгедектерді оқуға шақырамыз. 

         Сынақ нәтижелері бойынша оқу топтары құрылады. Қалаушыларды Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының филиалдарына/Халықты жұмыспен қамту орталығына/ауылдық округ немесе елді мекен әкімдіктеріне жүгініп, сондай-ақ өтінім мен сауалнаманы толтыруды сұраймыз. Өзімен бірге мына құжаттар болуы қажет: жеке куәлік көшірмесі, мекенжай анықтамасы.

         Оқу мерзімі 25 күн. Бағдарлама қатысушыларына стипендия төленеді және сертификат беріледі.

         Тестілеудің нақты орны мен уақыты туралы толық ақпарат алу үшін Солтүстік Қазақстан облысының аудандары мен қалаларындағы кәсіпкерлерді қолдау орталықтарына немесе Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына Петропавл қаласы, Абай көшесі, 29 мекен жайы бойынша, байланыс телефондары - 50-28-74 хабарласу қажет. Өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы – ағымдағы жылдың 05 қазан.

Тестілеу және оқыту өткізудің мерзімдері өзгеруі мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі келесі коммуналдық мемлекеттік мекемелерді қайта құру жолымен:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Петровка аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петровка аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына»;
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Тайынша агробизнес колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Тайынша агробизнес колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына»;
  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Ленинград ауыл шаруашылық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ленинград ауыл шаруашылық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына»;
  4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Тимирязев аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Тимирязев аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына»;
  5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Айыртау ауыл шаруашылық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауыл шаруашылық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына»;
  6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Петропавл қаласының машина жасау колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының машина жасау колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына»;
  7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Искандер Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Искандер Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына»;
  8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Айыртау ауданының Саумалкөл а. агротехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айыртау ауданының Саумалкөл а. агротехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына»;
  9. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Кәсіптік даярлау және қызмет көрсету колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының машина жасау колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына»;
  10.  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Новоишимка аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Новоишимка аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына»;
  11.  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Қызылжар аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қызылжар аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына»;
  12.  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Петропавл кәсіптік колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл кәсіптік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына»;
  13. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешені»;

14. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Уәлиханов ауыл шаруашылығы колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Уәлиханов ауыл шаруашылығы колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына» қайта ұйымдастырылатыны туралы хабарлайды:

Коммуналдық мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыруға байланысты жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін іске асыру арқылы нарық субъектісін құру туралы ұсыныстар қабылданады.

Ұсыныстар «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ,  Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, № 603 кабинетте қабылданады.

Осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ұсыныстар қабылданады.

Таратылған банктердің салымшылары неге өз ақшасын алғысы келмейді?

                                                                                                                

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) «Астана Банкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ және «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ салымшыларына бүкіл ел бойынша өтем төлеуді жалғастыруда. Салымшылар - жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер - жинақталған сыйақымен қоса, салымдар бойынша өтемді  ағымдағы шоттары мен төлем карточкалары арқылы   алуда.

«Астана Банкі» АҚ. «Астана Банкі» АҚ салымшыларына өтем төлеу жеке тұлғаларға қызмет көрсететін «Еуразиялық банк» АҚ агент-банкінің барлық бөлімшелерінде жүргізілуде. ҚДБКҚ қазірдің өзінде міндеттемелердің 98%-н өтеді.  36,7 миллиард теңге төленді, оның ішінде 23 миллиард теңге алғашқы екі күнде төленген болатын. Төлем беру басталған күні қарбалас бола қойған жоқ; ҚДКБҚ және агент-банк бөлімшелерде өтініш беру және тексеру процесін жеделдету және салымшыларға қызмет көрсету тиімділігін арттыруда барлық күш-жігерін жұмсады. 

 «Qazaq Banki» АҚ. Өтем төлеу Қазақстан аумағындағы «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ агент-банкінің барлық бөлімшелерінде жүргізілуде. ҚДКБҚ іс жүзінде салымшылардың алдындағы өз міндеттемелерін өтеді:   20,1  миллиард  теңге  –  салымшылардың алдындағы міндеттемелердің бастапқы сомасының 98%-ы  төленді .

 «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ. Төлем Ұлттық почта операторы – «Қазпочта» АҚ-ның орталық бөлімшелерінде Қазақстанның бес қаласында жүргізілуде. Эксимбанк салымшыларына 257 миллион теңге – міндеттемелер сомасының 99%-ы төленді.

Осы үш банктің салымшыларына өтеу сомасының қалдығы міндеттемелердің бастапқы сомасының  тек 3%-ын (1,5 миллиард теңге) құрағанына қарамастан, төлем алу үшін 230 мыңнан астам адам (81%) хабарласқан жоқ. Өтініш білдірмеген салымшылардың негізгі бөлігі  – 220 мың адам – бұл «Астана Банкі» АҚ салымшылары.

Төлем үшін өтініштердің неғұрлым жоғары пайызы Маңғыстау, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады (21–23%); ең төмені – Алматы және Жамбыл облыстарында (14%). Салымшылар саны барынша көп – Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында – өтініш беру дәрежесі 15%-дан (Шымкент) 19%-ға (Алматы) дейін құбылады.

Салымшыларға қоңырау шалу,  салымшылардың 19%-ы төлеу мерзімінің соңына дейін өтініш білдіруді жоспарлап отырғанын көрсетті. Күн сайын агент-банктер келіп түскен өтініштер бойынша 5-тен 20 миллион теңгеге дейін төлейді.

Сонымен қатар, салымшылардың 62%-ы төлемге өтініш беруге асығар емес, себебі олардың пікірі бойынша шоттардағы қалдықтар азғантай соманы құрайды. Жоғарыда көрсетілген үш банктің салымшыларынан  220 мың адамның  (74%)  5 мың теңге көлемінде депозиттері бар, оның ішінде 178 мың салымшыда (60%) – 1 мың теңгеден аспайды. Бұл ретте төлем үшін агент-банкке өтініш бергендердің үлесі депозиттердегі қалдық сомасының ұлғаюына қарай өсуде. Мысалы, 1000 теңгеге дейінгі қалдық сомасы бар «Астана Банкі» АҚ салымшыларының арасында өтініш бергендердің үлесі небәрі 1,4%-ды құрайды, 1 млн теңгеден астам қалдық сомасы бар салымшылардың арасында төлем сомасының 98,6%-ға дейін өсуіне қарай ұлғаюда. 

Нәтижесінде, сауалнама қорытындылары салымшылардың 19%-ы төлем алуға өтініш білдіргенін көрсетті, 19%-ы төлем мерзімінің соңына дейін өтініш білдіруді жоспарлап отыр, салымшылардың қалған 62%-ы кепілдік берілген өтем сомасын алуға өтініш білдіруді жоспарлап отырған жоқ.

ҚДКБҚ қызметкерлері «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ және «Qazaq Banki» АҚ-ның барлық салымшыларына қоңырау шалып, «Астана Банкі» АҚ барлық салымшыларына және ҚДКБҚ байланыс орталығы бірнеше рет СМС-хабарламалар жіберді, сондай-ақ агент-банк төлем туралы ақпараттандыру мақсатында «Астана Банкі» АҚ салымшыларының әрқайсысына қоңырау шалуды әлі де  жалғастыруда.

Айта кету керек, қоңырау шалу пайызы бар болғаны  43%-ды құрайды. «Астана Банкі» АҚ салымшылары бойынша қоңырау шалудың ең төменгі пайызы Түркістан облысында байқалады  (18%), Жамбыл  облысында (26%) және  Шымкент қ-да  (27%).  Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында қоңырау шалу пайызы  сәйкесінше  42% және 49%-ды құрайды. Салымшылар көрсеткен байланыстардың басым көпшілігінің өзекті болмауы (ескіруі) салымшыларды қоңырау шалу және СМС-жіберу арқылы хабардар ету мүмкіндігін төмендетеді. Сонымен қатар, ҚДКБҚ халықты сайтта, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде кепілдік берілген өтемді төлеу туралы мерзімді негізде хабардар етуді жалғастыруда. Халықты ақпараттандыруға, сондай-ақ агент-банктер мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі филиалдарының ресурстары тартылды. Қазіргі уақытта, агент -банктер арқылы өтем төлеудің аяқталуына бірнеше ай қалғандықтан, жүзеге асырылатын төлемдер туралы Қазақстанның барлық өңірлері бойынша хабарландырулар қайта орналастырылатын болады.

ҚДКБҚ-ның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықты ақпараттандыруда айтарлықтай күш-салуына қарамастан, салымшылардың едәуір бөлігі, бұрынғысынша, әсіресе шоттарда аз қалдықтары бар салымшылар,  төлем алуға өтініш бермеу  ықтималдығы бар. 

Қолданыстағы заңнамалық реттеу салымшының нақты қатысуын талап ететіндіктен, осы проблеманы шешу салымшының жазбаша өтініш беру қажеттілігінсіз,  салымшының Электрондық үкімет порталында салымшыны сәйкестендіру арқылы кепілдік берілген өтемді салымшының қолданыстағы банктік шотына автоматты түрде төлеуді жүзеге асыру жолымен кепілдік берілген өтемді төлеу рәсімдерін қайта қарау арқылы көрінеді. 

ҚДКБҚ көрсетілген концепті енгізуге мүмкіндік беретін, депозитордың Электрондық үкімет порталына онлайн режимінде өтініш беруін қоса, түрлі нұсқаларды қарастыру бойынша жұмыстар жүргізуде.   

Сонымен қатар, ҚДКБҚ  агент- банкке әлі өтініш білдірмеген салымшыларды, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін кез келген бөлімшеге кез келген ыңғайлы күні келіп өтініш беруге шақырады:

  •  24 маусымға дейін –  «Qazaq Banki» АҚ салымшылары «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ-на,
  • 26 шілдеге дейін – «Астана Банкі» АҚ салымшылары  «Еуразиялық банк» АҚ-ға,
  • 4 тамызға дейін – «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ салымшылары «Қазпочта» АҚ-ға.

Таратылған банктердің салымшыларына өтем төлеу салымшылардың өтініштері бойынша жүргізіледі.  Ақша агент-банктерде қарастырылған және кез келген сәтте алуға қол жетімді.   Агент-банк арқылы төлем мерзімі аяқталғаннан кейін өтемді тікелей ҚДКБҚ-дан алуға болады. 

Депозит мөлшері кепілдік берілген сомадан (5/10/15 миллион теңге) асатын салымшылар   – ал мұндай салымшылар таратылатын үш банк бойынша 2 мыңдай   (салымшылардың жалпы санының 0,7% ) – тарату комиссияларымен жүзеге асырылатын болады. 

Кепілдік берілген соманың ең жоғары мөлшерін ескермей, ірі соманы бір банкте орналастыру шешімі, салымшыны айтарлықтай  кредит тәуекеліне әкеп соқтырады.  Банк таратылған жағдайда, тарату өндірісі барысында қаражаттың қайтарылуын күтуге байланысты шығындар салымдар бойынша жоғары кірістілікпен, кэш-бектің болуымен немесе қызмет көрсетудің басқа да тартымды жағдайларымен өтелінбеуі мүмкін. Сондықтан, қандай да бір банкте өз жинақтарының едәуір бөлігін орналастыруға саналы шешім қабылдағанға дейін салымшы оның қызметін талдап, осы банктің сенімділік дәрежесін бағалауы тиіс.

«Астана Банкі» АҚ және «Qazaq Banki» АҚ тарату комиссиялары жеке тұлғалардың жалпы сомасы 2 миллиард теңгеден асатын 1 405 өтінішін тіркеді – бұл осы банктердегі барлық кепілдік берілген депозиттердің 3,4%-ын құрайды. Бұл салымшылардың талаптары 4-кезекте кредиторлар тізіліміне енгізілген. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кредиторлардың тізілімін және банктің барлық активтері мен міндеттемелері көрсетілетін аралық балансты бекіткеннен кейін (шамамен мамыр-маусымда) тарату комиссиялары банк кредиторларымен есеп айырысуға кіріседі.

Банк кредиторлары әрбір банктің тарату жылдамдығын, тиімділігін және кірістілігін бақылай алады. Бұл бақылау кредиторлар комитеті арқылы іске асырылатын болады, онда әрбір кезектегі ең ірі кредиторлар заңды және тұрақты негізде қатысатын болады.  Банк таратылған кезде ақша бір кезектегі барлық кредиторлар арасында тепе-тең бөлінетіндіктен, кредиторлардың барлық өкілдері тарату процесінің жылдамдығы мен тиімділігіне мүдделі. ҚДКБҚ сондай-ақ кредиторлар комитетінің құрамына кіреді және тарату процесінің барысы туралы хабардар ететін болады.

Депозиттер бойынша кепілдік туралы және өтемді төлеуге және тарату комиссиясының жұмыс тәртібіне байланысты барлық мәселелер бойынша консультацияны колл-орталықтан алуға болады:  1460, @KDIF_ASK  Телеграм-чатында және ҚДКҚ  веб-сайтында www.kdif.kz.

 

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттарды ұсынуға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру

 

Конкурсты ұйымдастырушы: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм басқармасы» КММ

Орналасқан жері: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 521 каб.;

пошталық мекенжайы: 150011, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 521каб.;

электрондық пошта мекенжайы: otdbisnes@sko.kz; AAkhmetova@sko.kz

байланыс телефоны 8 (7152) 50-22-85, 50-49-23

Конкурс нысанасы: «Бизнестің жол қартасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер: Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 521 каб.;

 Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама топтамасын береді.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2019 жылғы «3» маусымнан бастап 2019 жылғы «21» маусым аралығында, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақытпен).

Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2019 жылғы «3» маусымнан сағат 10:00-ден бастап (жергілікті уақытпен).

Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2019 жылғы «21» маусым сағат 13:00-ге дейін (жергілікті уақытпен).

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.upt.sko.gov.kz сайтында танысуға болады.

Гранттық қаржыландыру шарттары:

- Жаңа бизнес-идеяларды экономиканың басым секторларында, моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде өңдеуші өнеркәсіп салаларында іске асыру үшін 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды;

-  Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде іске асыруға арналған шығыстарды кәсіпкердің қоса қаржыландыруы (ақшалай қаражаты), оның ішінде жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлікпен, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру бизнес-жобаның міндетті шарты болып табылады.

- «БЖК-2020» Бағдарламаның және/немесе Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың болуы, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын құжаттың көшірмесі

Талап етілетін құжаттар

100 күн ішінде 100 смартфон:

Қазақстанда «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы жүріп жатыр

 

2019 жылғы 1 мамырдан бастап 8 тамызға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» акциясына қатыса алады. Акцияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп өткізеді.

Акция кезінде Қазаұстанның әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді  «Таңдау» мобильдік қосымшасында тіркесе болды. Акцияға тек деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектерін (Онлайн БКМ) чектері қатысады.

 «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» кең ауқымды республикалық акциясына кез келген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде Онлайн БКМ чектерін алған Қазақстанның жасы 18-ден жоғары азаматтары қатыса алады.

Қатысушы және чек туралы мәліметтерді тәркейтін «Таңдау» тегін мобильді қосымшасы App Store, Google Play market-те қолжетімді.

Акция шарттары бойынша чектің берілген күні мен уақыты ұтыс ойыны басталған күннен ерте болмауы тиіс. Бір қатысушы тіркейтін чектер саны шектелмеген.

Акцияның толық шарттарын және қосымшамен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты www.trebui.kz сайтынан көруге болады.

Қатысушылар арасында күн сайын акция өту кезінде 100 смартфон ойнатылады.

СҚО кәсіпкерлер палатасы 26 маусым айынан бастап Бизнестің жол картасы 2020 бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының «Кәсіпкерлікке қаржылық емес қолдау көрсету» атты төртінші бағыт аясында әрекеттегі бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсетуге кірісті.

Ұсынылатын қызмет түрлері:

1. Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер

2. Кедендік рәсімдер бойынша қызметтер

3. Менеджмент жүйелерін енгізу бойынша консультация беру және бүкіл процесті толық сүйемелдеу

4. Заң қызметтерін көрсету

5. Маркетинг мәселелері бойынша қызметтер

6. Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар

7. Мемлекеттік сатып алулармен, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты көрсетілетін қызметтер

8. Менеджмент

Сервистік қолдау экономиканың барлық секторларында әрекет ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін тегін көрсетіледі.

Қызметтерді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (Жамбыл көшесі, 191) және Солтүстік Қазақстан облысының аудандық филиалдарындағы кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында алуға болады.

Толық ақпаратты 8 (7152) 50 35 87 телефон арқылы алуға болады.  

Еншілес ұйымдар

Серіктестер