«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Уәлихан ауданы тұрғындары идеяларын жүзеге асырып жатыр

2018 жылғы 20 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
7075 просмотров

Былтыр «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өткен екі аудан тұрғыны биыл өз жобаларына қажетті қаржыландыруды алды

Олардың бірі – Сайран Әбілдин. Былтыр азамат кепіл мүлігі бойынша құжаттарды дұрыс рәсімдемей несие ала алмаған болатын. СҚО кәсіпкерлер палатасының белсенді араласуының нәтижесінде бастауыш кәсіпкер орын алған олқылықтардың бәрін жойып, жеке бизнес дамыту үшін мемлекеттік қолдауға қол жетті.

«Жеке кәсібімді ашу бұрыннан бергі арманым. Ол үшін ет тасымалдау мақсатында рефрижератор сатып алып, ары қарай өнімді Астана, Көкшетау және Петропавл сауда орталықтарына жеткізуді көздедім, алайда алғашқы қадам жасауға жүрексінбедім. Онымен қоса мемлекеттік бағдарламалар жайында ақпаратым болған жоқ. Өз күшіме сенуге, әрі білімімді жетілдіруге «Бастау Бизнес» жобасы және Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының қызметкерлері көмектесті. Олар маған оңтайлы мемлекеттік бағдарламаны таңдап, қаржыландыруға қажетті құжаттар жинауда қолдау көрсетті. Нәтижесінде мен өз жобамды комиссия алдында сәтті қорғап, мұздатқыш-жылытқыш қондырғы алу үшін 1,5 млн теңге көлемінде несие алдым. Жаңа сойылған малдың етін өткізу тиімді әрі табысты кәсіп, ал қолында мұздатқыш камерасы бар көлігін болса, жыл бойы сапалы ет тасымалымен айналысуға болады», – деді «Жан» жеке кәсіпкерлігінің директоры Сайран Әбілдин.  

«Бастау Бизнес» жобасына қатысып, қаржыландыру алған тағы бір қатысушы – Алефтина Щербакова. Кәсіпкер әйелдің шағын және орта кәсіпкерлікте, атап айтқанда сауда мен қызмет көрсету саласында тәжірибесі бар.  Щербаковтар отбасы бұл межемен тоқтамай бизнесті ары қарай кеңейтуді көздеді. Оларға жүк тасымалын жолға қою керек болды. Ол үшін отбасы кеңесіп, «Камаз» жүк көлігін алуды ұйғарды. 2017 жылы бұл мақсатты орындауға дұрыс толтырылмаған құжаттар кедергі болды. Мемлекеттік қолдауға быр жылдан соң қол жетіп, құжаттардағы олқылық толығымен жойылды.

 Уәлихан ауданы бойынша оқыту және «Бизнес Бастау» бойынша сәтті оқып шыққан қатысушылардың жобаларын қаржыландыру үдерісі биыл жалғасатын болады.

 Айта кетелік, «Бастау Бизнес» жобасы қатысушыларды кәсіпкерлік негізге оқытуға бақытталған, ал олардың жобаларын Өңірлік кәсіпкерлер палаталары сүймелдейді. Жобаға жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған өз аудандары бойынша ауыл тұрғындары қатыса алады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер