«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Алтын сөз – 2018»: Солтүстікте журналистер арасында байқау жарияланды

2018 жылғы 16 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
7389 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің алдыңғы отырысында өңірлік баспасөз және электронды бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері арасында байқау өткізу туралы шешім қабылданған

Журналистерге арналған «Алтын сөз – 2018» байқауы Солтүстік Қазақстанда екінші рет ұйымдастырылып отыр. Былтыр өткізілген байқау ерекше қызығушылық танытқан. Биыл ұйымдастырушылар аудандық баспасөз құралдарына ерекше назар аударып отыр әрі толық қамтылуына шаралар қабылдауда.

Байқау бір жағынан, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызметінің беделін арттыру және ынталандыруға бағытталған, ал екінші жағынан, Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлік қызметін насихаттайтын, бизнес мәселесін көтеретін, бизнесті қолдауға арналған шаралар туралы ақпарат беретін, бизнес дамуындағы оң өзгерістер жайында материал дайындайтын үздік журналистерді анықтау.

Қатысушыларға жұмыс тәжірибесі бойынша қатаң талап қойылмайды. «Алтын сөз – 2018» байқауы – жас журналистер үшін шеберлік танытатын тамаша бастапқы алаң. Байқауға берілетін жұмыс санына шектеу қойылмаған.

Материалдар төменде көрсетілген аталымдарға сай қазақ және орыс тілдерінде қабылданады:

1) «Мемлекеттік тілдегі үздік телевизиялық жұмыс»;

2) «Орыс тіліндегі үздік телевизиялық жұмыс»;

3) «Мемлекеттік тілдегі үздік баспа материалы»;

4) «Орыс тіліндегі үздік баспа материалы»;

5) «Мемлекеттік тілдегі үздік интернет жарияланым»

6) «Орыс тіліндегі үздік интернет жарияланым».

Байқау қорытындысы 2018 жылдың қыркүйек айында шығарылады

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер