«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлерді жеке қабылдау мәселелерді азайтады

2018 жылғы 06 Қыркүйек
- Солтүстік Қазақстан облысы
7528 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрайымы бизнес өкілдерін жеке қабылдауды жүргізуде.

Кеңес төрайымы Инесса Қуанова алғашқы қабылдауды өткен аптада өткізді. Талқылау нысаны – акционерлер арасындағы корпоративті дау салдарынан 5 жылға созылған кәсіпорынды жою процесі.

Қабылдау кезінде анықталғандай, алдағы уақытта акционерлік қоғамы мен акционерлер арасында дау туындаған, оның арты бітімгерлікпен аяқталып, акционерлік қоғам акционерлерге өндіріске қажетті мүлікті беруге міндеттелген. Осылай тараптар тарасқан. Акционерлердің бір бөлігі – мүлікті, бір бөлігі – мүлік бойынша үлес құнын талап еткен.

 «Сәйкесінше дау созылып кеткен. Ал акционерлік қоғамында қарызы өсіп, оның ішінде бюджетке салық төлемдері, оларды төлеуді акционерлерге ұсынылды. Бұған акционерлер қарсы болғандықтан дау көп жылға созылып, тығырыққа тірелді: мүлікті сатуға болмайды, өйткені сот залықаралық келісімді бекіткен, бірақ мүлікті акционерлерге де беруге болмайды, өйткені олардың жартысы мүлікті алуға және беру-қабылдау актісіне қол қоюға қарсы. Қабылдау барысында осы корпоративтік және соттық даулардың түрлі аспектілері талқыланды», – деді СҚО Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрайымы Инесса Қуанова.

 Қабылдау қорытындысы бойынша Кеңес басшысы даулы мәселені шешуге көмектесетін қолданыстағы заңнама негізінде егжей-тегжейлі түсіндірме жүргізді.

Кәсіпкерлерді қабылдау тұрақты жүргізілетін болады. Кәсіпкерлік субъектілері мәселелері болса, кеңес алып, заңгер көмегіне жүгіне алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер