«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау» жобасымен Уәлиханов ауданында наубайхана ашылды

28 Желтоқсан 2018 - Солтүстік Қазақстан облысы
2447 просмотров

Уәлиханов ауданының тұрғыны «Бастау» түлегі Тұрсынхан Ділдабаев «Даму» АҚ қоры арқылы «Тандыр нан, самса және кондитерлік өнімдерді пісіруге арналған наубайхананы ұйымдастыру, сондай-ақ шағын кофехана ұйымдастыру» жобасы бойынша гранттық қаржыландыруды алды. Құжаттарды жинауға СҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Уәлиханов ауданы филиалының мамандары көмектесті.

«Ердес НАН» жеке кәсіпкерліктің жетекшісі Тұрсынхан Ділдабаев былтыр «Бастау» жобасына қатысты, сертификатын алды. Су жаңа кәсіпкер Уәлиханов ауданына Оңтүстік Қазақстаннан көшіп келді. Ары қарай «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша гранттық қаржыландыруға қатысуды шешкен кәсіпкер ӨКП аудандық бөлімшесіне жүгінді, мамандар құжат топтамасын жинауға көмектесті.  Сонымен қатар Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өтінімді дұрыс толтыру, құжаттарды сканерлеу, таныстырылымды дайындау мен құжат топтамасын СҚО Кәсіпкерлік және туризм басқармасына жіберу бойынша сервистік көмек берілді. Бұл жоба байқаудың бірініші кезеңінен сәтті өтіп, жақсы қорғалып шықты.

Кәсіпкер мен Палата қызметкерлердің келіскен жұмысы нәтижесінде Тұрсынхан Ділдабаев 2 240 000 теңге сомасында қайтарымсыз негізде қаражатқа ие болды. Осы ақшаға ол нан илейтін машина, нан елеуіш аппарат, тоңазытатын шкаф, нан пісіру қалыптарын, пеш, 100 литрге арналған сүйретпе тегеш, пешке арналған сөре-сүйретпе, көлік құралы мен басқа заттарды сатып алды.

«Жобаның әлеуметтік аспектілерін атап өткім келеді. Біз жаңа жұмыс орындарын құрдық, бюджетке салық түсімдері мен басқа төлемдерді жүргізіп жатырмыз. Наубай-технолог және басқа да жұмысшылар тұрақты табыс алып отыр. Наубайханымыз арқылы басқа ауылдардан нан-өнімдері легі қысқарды, жергілікті тұрғындар сұранысын қамтамасыз етіп отырмыз», – деді «Ердес НАН» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Тұрсынхан Ділдабаев.

Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлік багет, кәдімгі бөлке, тәтті бәліштер, кекстер және басқа да нан өнімдерін пісіруде. Келешекте кәсіпкер өнім ассортиментін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер