«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Atameken Business Channel

Бизнес-күнтізбе

Хабарландырулар

СҚО кәсіпкерлер палатасы 26 маусым айынан бастап Бизнестің жол картасы 2020 бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының «Кәсіпкерлікке қаржылық емес қолдау көрсету» атты төртінші бағыт аясында әрекеттегі бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсетуге кірісті.

Ұсынылатын қызмет түрлері:

1. Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер

2. Кедендік рәсімдер бойынша қызметтер

3. Менеджмент жүйелерін енгізу бойынша консультация беру және бүкіл процесті толық сүйемелдеу

4. Заң қызметтерін көрсету

5. Маркетинг мәселелері бойынша қызметтер

6. Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар

7. Мемлекеттік сатып алулармен, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты көрсетілетін қызметтер

8. Менеджмент

Сервистік қолдау экономиканың барлық секторларында әрекет ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін тегін көрсетіледі.

Қызметтерді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (Жамбыл көшесі, 191) және Солтүстік Қазақстан облысының аудандық филиалдарындағы кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында алуға болады.

Толық ақпаратты 8 (7152) 50 35 87 телефон арқылы алуға болады.  

Серіктестер