«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Рахметке «Рахмет»!

2016 жылғы 05 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
10435 просмотров

ӨКП филиалының  қолдауымен жаңа нысан ашылды

Марина Туркевич кәсіпкерлік қызметін 2001 жылы бастады. Бірнеше жыл бойы қажетті қаражат жинақтап алған соң, «Амур» атты жеке азық-түлік дүкенін салып пайдалануға берді. Ол аудан орталығының тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие болды.

Бизнес табысты жүрді, бұл қазіргі заманның барлық талаптарына жауап бере алатын «Рахмет» атты жаңа дүкеннің құрылысына қаражат жинауға мүмкіндік берді.

Жаңадан салынатын нысанның құжаттарын рәсімдеу кезінде дүкеннің құрылысын бастау үшін бөлінген  жер телімінің шекарасын анықтауға байланысты проблемалар пайда болды. М.Туркевич өзін мазалаған сұрақтарымен өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалына жүгінді. Менеджер-кеңесші Ақторғай Әділова тиісті ақыл-кеңес беріп, жер теліміне де, дүкеннің өзіне де қажетті құжаттарды ресімдеуге нақты көмек көрсетті. Осылайша, филиал қажетті құжаттардың пакетін жинақталып, соның арқасында жер телімінің шекарасы жөніндегі кемшіліктер жойылды, жер телімінің сату-сатып алу келісім-шартына өзгертулер енгізілді.  

Білікті көмектің нәтижесінде мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерге қоятын ешбір дәйектемесі қалмады. Бүгінгі күні М.Туркевичтің қолында – жер телімінің мемлекеттік актісі және жылжымайтын мүліктің техникалық құжаты бар.

Жаңа есілдіктер Марина Туркевичтің проблемалары шешімін тапқанын қуана қолдады, себебі ол әлеуметтік мәселелермен белсенді айналысады және ауылдастар ортасында лайықты беделге ие. Ол спортшылардың жарыстарын қолдап отырады, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға көмек көрсетеді, ардагерлерді де назардан тыс қалдырмайды.   Жаңа Есіл ауылының тұрғындары жаңаша жабдықталған «Рахмет» азық-түлік дүкенінің ашылғанына ризашылықтарын жасырмайды. Жаңа нысанның ашылуының арқасында тұрақты 5 жұмыс орны құрылғанын атап айтқан жөн.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер