«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бір нысан, екі кадастр

2016 жылғы 04 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
7466 просмотров

Бағасы 52,5 млн. теңге тұратын бидай өңдеу элеваторы сатылып кете жаздады. Себебі, оған екі кадастрлы нөмір бекітілген екен

СҚО Кәсіпкерлер палатасының Қызылжар аудандық бөлімшесіне «Длужневский И.И.» шаруа қожалығының иесі Иван Длужневкийден өтініш түсті. Несие беруші «Kaspi bank» АҚ кепілді дүниені сату тізіміне «Апиакт» ЖК меншігін де кіргізген. Алайда бұл кепіл зат «Длужневкий И.И» ШҚ меншігі екендігін айтқан. 

«Бұл өтінішті зерттеу барысында біз бір жер учаскесінде орналасқан Барневка ауылындағы бидай өңдеуші элеваторға екі кадастрлы нөмір берілгенін анықтадық. Бір нөмірді «Апиакт» ЖК тіркеген, оған қатысты банкроттық іс жүргізіліп жатыр, екінші нөмір «Длужневский И.И.» ШҚ-на тиесілі болып шықты. Ол бидай өңдеу элеваторын 2006 жылы 5 шілдеде ҚР «Меншікті заңдастыруға байланысты амнистия» заңына сәйкес тіркеген», – деп түсіндірді Кәсіпкерлер палатасы орталығының кеңесші-менеджері Андрей Овсяников.

Өтініш берушіге көмек берілді. «Қозғалмайтын мүлік орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында, ХҚК-да, Әділет басқармасында, Жер қатынастары басқармасында «Длужневский И.И.» ШҚ меншігіне қатысты техникалық сипаттамаға түзетулер енгізілді.

«Түзетулер енгізілген соң, элеватор «Апиакт» ЖК меншігі деген тіркеуден алынды. Екі қоймасы, бидай төгетін алаңы, екі «ЗАВ-40», таразы және жер учаскесінен тұратын элеватор енді бір ғана меншік иесіне тиесілі. Ол «Длужневский И.И.» ШҚ. Осылайша кәсіп иесінің құқығы дер кезінде қорғалды. Элеватордың шамамен бағасы 52,2 млн. теңгеге бағаланған еді», – дейді А.Овсяников. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер