«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Меншік құқығы дәлелденді

2016 жылғы 18 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
7231 просмотров

Ғ.Мүсірепов ауданының заңгерлері кәсіпкердің шамамен 24,5 млн теңге сомадағы мүддесін қорғады

Мұрат Нұғманов – кәсіпкер, өсімдік шаруашылығымен айналысады. Ол жақында мемлекеттік көмекті пайдалануды ұйғарады. Алайда бірқатар мәселелерге тап болады. Жеңілдікпен несие алуға құжаттар жинау барысында аукционнан сатып алған жылжымайтын мүлік оған тиесілі емес болып шығады. Өйткені, аукционның хаттамасы заң тұрғысынан дұрыс рәсімделмеген. Кәсіпкер осы мәселені ретке келтіріп беруін өтініп, Кәсіпкерлер палатасының филиалына жүгінеді. Заңгерлер сотта кәсіпкердің мүліктік кешенге меншіктік құқығы бар екенін дәлелдеп, 24 млн 408 мың соммадағы мүддесін қорғайды. «Кәсіпкерлер палатасы филиалының қызметкерлеріне жедел көмек көрсеткендері үшін алғыс айтқым келеді. Мен енді мәселе туындай қалса, қайда барып жүгінетінімді жақсы білемін. Ең бастысы, заңгерлердің арқасында, өз жоспарларымды жүзеге асыра аламын», – деп қуанышымен бөлісті «Жарық» ЖШС директоры Мұрат Нұғманов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер