«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жұмысы істелді, ал төлемі жоқ

2018 жылғы 29 Тамыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
6954 просмотров

Әдетте жұмысты атқарсаң, ақысын аласың.  Осы сценарий бойынша кәсіпкер мен Петропавл әкімдігі арасындағы мәліме аяқталуы керек еді. Дегенмен, бизнесмен мемлекеттік органнан тренажерлер мен хоккей кортына деп уәде етілген ақшаны ала алмады...

СҚО Кәсіпкерлер палатасына жеке кәсіпкер Сергей Кудинов мәселемен жүгінді.  Ол облыс әкімі сұрауын орындап отырған Петропавловск әкімінің «өтінуімен» мүгедек балалар интернатында тренажерларды, жетім балалар интернаты мен Жұмабаев көшесі 113 мекенжайында орналасқан аулада хоккей кортын жалпы сомасы 7 270 000 теңгеге өз қолымен жасап, орнатқан. Кәсіпкер әкімдіктен 1 9 47 500 теңге алдын ала төлем алған. Ал қарыздың қалған бөлігіне  – 5 322 500 теңгеге кәсіпкер мен «Петропавл қаласы дамуына жәрдемдесу қоры» корпоративті қоры арасында келісім-шарт жасалды.

 Осы келісім-шартқа сәйкес қор осы соманың жартысын, яғни 2 661 250 теңгені 2016 жылдың 20 мамырына дейін төлеуге, ал қалған бөлікті өткізу-қабылдау актіне қол қоюдан соң төлеуге міндеттелді. Нәтижесінде актіге қол қойылды, ал уәде етілген қаражат жоқ. Осы мәселе Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша кеңес отырысында көтерілді.

 СҚО Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Айдос Кеңбейіловтың айтуынша, қор келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін әлі күнге дейін орындамаған.

 «Қор келісімшар бойынша өз міндетін ішінара ғана 500 мың теңге көлемінде орындаған және мұны СҚО кәсіпкерлер палатасы араласқан соң өтеп отыр. Аталған мәселе 2017 жылдың желтоқсанында өткен Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінде қаралды. Ол уақытта қор өкілдері кәсіпкер мен Кеңес мүшелерін қарызды толық өтейміз деп сендірген болатын. Алайда қазіргі таңда қорға ескертпе жасалғанына қарамастан кәсіпкер алдындағы берешек өтелмей отыр. Қордың құрылтайшысы – Петропавл қаласы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автокөлік жолдары бөлімі болып табылады», – деді  Айдос Кеңбейілов.

Осы жол қор мүшелері жиынға шақыртуды елемей, қатысудан бас тартып, тіпті бірнеше рет жіберілген ресми хаттарға да жауап қайтармады.

 «Сондықтан осы мәселе бойынша біз сотқа дейінгі жұмысты өткіздік, қорға міндеттемелерді орындау туралы талап хат жіберілді. 20 тамызға дейін олар қабылданған шешім бойынша бізге жауап берулері тиіс еді, бірақ не біз, не кәсіпкер жауапты алмады. Осыған байланысты СҚО Кәсіпкерлер палатасы сотқа жүгінуді шешіп, біздің сарапшылар жеке кәсіпкер Кудиновтың ісін сотта сүйемелдейтін болады. Палатаның араласуымен түскен жалғыз жарна 500 теңгеге тең. Бақа ешқандай ақшалай төлемдер жүргізілген жоқ, одан бері 9 ай өтті», – СҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жеңіс Қазиев.

Қор бұл мәселені сотқа дейін шешуден бас тартып отырғандықтан Кеңес кәсіпкерге Палата сарапшылармен бірге сотқа арыз беріп, мәселені азаматтық-құқықтық тәртіпте шешуді ұсынды. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер