«Тауарларды таңбалау» бойынша сервистік бағдарламалық өнімге қалай тіркелу керек?

Жауап. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау туралы шешім қабылданған тауарлар тізіміне енгізілген тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар/жеке кәсіпкерлер сілтеме арқылы «Тауарлардың таңбалау» бойынша сервистік бағдарламалық өнімге «Тіркелу» батырмасын басу арқылы тіркеледі.

Қолданушы қолдану келісімімен танысып, толтыруға тиісті бағандарға тиісті мәліметті жазады.

Тіркелуге электронды қолтаңба арқылы қол қойып, бос бағанды толтырған кезде көрсеткен электронды почтаға келіп түскен сілтеме арқылы өтіп, өз тіркелімін растайды.

Тауардың заңдылығын қалай тексеру керек?

Жауап. Тауардың заңдылығын «Тауарларды таңбалау» СБӨ арқылы тіркелусіз тексеруге болады. Сілтеме арқылы «Тауарларды таңбалау» СБӨ-ге кіріп, «БсБ-ны тексеру» батырмасын басу керек. 

«Тауарларды таңбалау» СБӨ мобильдік қосымшасында белгінің QR-кодын енгізу арқылы немесе бақылау сәйкестендіру белгісін қолмен тере отырып тексеруге болады.

«Тауарларды таңбалау» СБӨ -де бақылау сәйкестендіру белгісін (ары қарай – БсБ) дербестендіру үшін қалай өтінім беру керек?

Жауап. 2-деңгейлі Эмитентте БсБ дербестендіруге өтінім беру үшін заңды тұлға/жеке кәсіпкерге қажеті:
Электронды қолтаңба арқылы «Тауарларды таңбалау» СБӨ-де авторизациядан өту;
«Тапсырыстар» бөліміне өту;
«Жаңа тапсырыс» батырмасын басу;
Айналымға енгізу тәсілін таңдау;
Міндетті орындарды толтыру;
Тауарға қатысты мәліметтерді енгізу;
Өтінім қосуға электронды қолтаңба арқылы қол қою; 
2-деңгейлі Эмитентке жолдау үшін «Тапсырыс беру» батырмасын басу.

«Тауарларды таңбалау» СБӨ-де тапсырыс жұмысының жағдайын (БсБ дербестендіруін) қайдан тексеруге болады?

Жауап. Қолданушы заңды тұлға/жеке кәсіпкердің автоматтандырылған жұмыс орнындағы «тапсырыстар» бөлімінде өз тапсырысының жағдайын қарай алады.

Бұл бөлімде Қолданушы тапсырыс жағдайын көру, сондай-ақ оны басқаратын мүмкіндікке ие. 

«Тауарларды таңбалау» СБӨ-де 2-деңгейлі Эмитенттен алынған белгінің ақауы бар және/немесе тапсырысқа сай еместігін қалай түсіріп алуға болады?

Жауап. Заңды тұлға/жеке кәсіпкер 2-деңгейлі Эмитенттен дербестендірілген белгіні алғанда, заңды тұлға/жеке кәсіпкердің «Тауарларды таңбалау» СБӨ-де тапсырысты қайтаруды тіркеу мүмкіндігі бар. Ол үшін қажеттісі:
Тапсырыс бойынша 2-деңгейлі Эмитенттен белгіні алу;
Белгінің ақаулығын және/немесе тапсырысқа сәйкестілігін тексеру;
Ақаулығы және/немесе тапсырысқа сәйкес болмаған жағдайда қолданушы «Тапсырыстар» бөліміне кіруі керек;
Аталған белгі тапсырыс бойынша «Балансқа қабылдау» батырмасын басу керек;  
Тапсырыс бойынша белгі тізімін қарап, таңбаны «Қабылданбады» чек-боксымен белгілеп, ақаулығы бар немесе қандайда бір себеппен қабылданбағанын көрсету керек;
Одан кейін «Қабылдау» батырмасын басу керек;
Қабылдау кезінде белгінің ақауы бар белгі болса, қолданушы қайтару себебін көрсетуі және қайтаруға қатысты құжатты тіркеуі тиіс;
СБӨ-де сақтау және белгі батырмасын басып, 2-деңгейлі Эмитентке қайта келу керек. 

«Тауарларды таңбалау» СБӨ-де  «Тауарлар» бөлімінде тауарды қалай қосуға болады?

Жауап. «Тапсырыстар» бөлімінде бақылау (сәйкестендіру) белгісін балансқа қабылдаған кезде «Тауарлар» бөлімінде «Таңбаланды» деген белгімен тауар автоматты түрде шығарылады, бұл сіз тауарға таңба қойғандығыңызды (тіккеніңізді) білдіреді. 

«Тауарларды таңбалау» СБӨ-де  тауар дәрежесін қалай өзгертуге болады? 
Жауап. Тауарды таңбалағанда Қолданушы «Тауарлар» бөлімінде төменде көрсетілгендерге өзгерте алады:
Сатылды;БсБ жоғалды, жоғалған жағдайда қолданушы аталған тауарға жаңадан БсБ тапсырыс беру керек;
Тауар жоғалды;
Қайта сату, сатып алушы (заңды тұлға/жеке кәсіпкер) туралы мәліметтерді көрсетеді;
Қайтару. Сату кезінде тауар қайтарылуы мүмкін.
 
Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тауарды сатып алған жағдайда (қазіргі таңда Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы) «Тауарларды таңбалау» СБӨ-де оны қайта тіркеп көрсетуге бола ма?

Жауап. Тауарды Кеден одағы аумағында алған жағдайда, Қолданушы міндетті:
Өз электронды қолтаңбасы арқылы «Тауарларды таңбалау» СБӨ-де авторизациядан өту керек;
«ЕАЭО аясында алынған тауарлар» бөліміне өту керек;
«Тауар қосу» батырмасын басу арқылы тауарды қосу керек;
Толтырылуы тиіс орындарды толтыру керек;
Тауарға қатысты мәліметтерді енгізу керек (БсБ және/немесе TID және/немесе SGTIN);
Өтінімді қосу үшін электронды қолтаңбамен қол қоюы керек;
ЕАЭО мүше мемлекеттікрдің ұлттық құрауыштарына өтінім жіберу үшін «Қосу» батырмасын басу керек.

«Тауарларды таңбалау» СБӨ-нің қай бөлімінде Кеден одағы аумағында алынған тауарлармен жұмыс істеуге болады? 

Жауап. ЕАЭО мүше мемлекеттердің ұлттық құрауышынан оң жауап алынғанда тауар «Тауарларды таңбалау» СБӨ балансына енгізіледі және Қолданушы оның дәрежесін «Тауарлар» бөлімінде өзгерте алады. 

«Тауарларды таңбалау» СБӨ-де заңды тұлға/жеке кәсіпкердің автоматтандырылған жұмыс орнына қызметкерді қосуға бола ма?

Жауап. «Тауарларды таңбалау» СБӨ-де заңды тұлға/жеке кәсіпкерлікті тіркеген ұйымның басшысы «Мекемелік-штаттық құрылым» бөліміне кіре отырып қызметкерді қоса алады.
Қолданушысы қосқанда басшы басқару мүмкіндігіне ие:
Сервистік бағдарламалық өнімде автоматтандырылған жұмыс орнында қызметкердің кіру мерзімін;
Қызметкерге автоматтандырылған жұмыс орнында қол жеткізе алатын функцияларды;
Ескерту: басшының Сервистік бағдарламалық өнімде қызметкерді өшіруге/бұғаттауға/қайта қосуға мүмкіндігі бар, Сервистік бағдарламалық өнімде қызметкерге қатысты ақпаратты және оның кіруін өзгерте алады.

«Тауарларды таңбалау» СБӨ-де бақылау (сәйкестендіру) белгілеріне өтінімде сенімді тұлғаға қатысты қандай мәліметтерді көрсетуі керек?

Жауап. Өзі алып кететін кезде немесе курьердің жеткізуінде бақылау (сәйкестендіру) белгілерін алатын қызметкердің аты-жөнін, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірін көрсетуі қажет. 

GTIN алу үшін қай сайтта тіркелу керек? Кімге хабарласып, қайда жүгіну керек?

Жауап. Штрих-код (GTIN) алу үшін www.gs1.kz сайтында тіркелу керек. 
Штрих-код (GTIN) иемдену үшін GS1 Kazakhstan кеңсесіне жүгіну керек немесе +7(727)394-88-53/56/57 нөміріне хабарласуға болады.

Реквизиттер: БСН 040940007541, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, № 299.

GS1 деген не? GS1 не үшін қажет?

Жауап. GS1 – 1977 жылы Еуропалық (European Article Numbering Association – EAN International) және Солтүстік Америкалық (Uniform Code Council – UCC) тауар нөмірлеу қауымдастығының негізінде жасалған жаһандық халықаралық тауар нөмірлеу жүйесі. Ұлттық нөмірлеу ұйымдары GS1 жүйесін жекелеген елде немесе елдер тобында ұлттық немесе өңірлік деңгейде GS1 жүйесінің ресми өкілі ретінде пайдалануға уәкілетті. Жекелеген елде немесе мемлекеттер тобында GS1 бір өкілі болуы мүмкін. GS1 Kazakhstan автоматты сәйкестендіру қауімдастығы GS1 мүшесі ретінде Қазақстан Республикасының аумағында GS1 өкілі бір ғана нөмірлейтін ұйым болып саналады.
 
GTIN деген не? Неліктен ean 13  деген GTIN екеніне сенуім керек?

Жауап. GTIN (Global Trade Item Number, ағл.) сауда белгісінің жаһандық нөмірі – электронды каталогтар мен ақапараттық жүйелерде қолданылатын тауардың 13-санатты халықаралық нөмірі. GTIN (Global Trade Item Number, ағл.) – логистикалық бірлік таңбалау және есепке алудың халықаралық коды, GS1 америкалық UPC мен EAN алмастыру үшін жасаған және қолдау көрсетеді.
European Article Number, EAN (еуропалық тауар нөмірі) — тауар мен өндірушіні сәйкестендірушіні кодтау үшін арналған еуропалық стандарт. Америкалық UPC стандартының ішкі жиынтығы.
 
GS1 стандартына мәліметтерді қайта жоғалып кетпес үшін қашан енгізу керек?

Жауап. Қазір барлық алаң бекітілді. Осы бекітілген алаңда өнім туралы мәліметті енгізуге болады.
 
Жоба аясында тері бас киімдерды және басқа да өнімдерді таңбалау қажет пе?

Жауап. Жоқ, Сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) 4303 тауар жіктеліміне жататын тері бұйымдары (құндыз, сазқұндыз, ақ түлкі, түлкі, қоян, жанат, қой және басқа да тері түрлері) ғана таңбаланады, ал бас киімдер СЭҚ ТН 65 тауар тобына жатады. 

Сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасы көрсетілген «басқалар» дегенге не жатады?

Жауап. Сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасы 4303 тауар жіктелімінде тері бұйымдарынан бөлек барлық киім заттары, киім бөлшегі мен киімге қатысты бұйымдар (муфта, боа, галстук, жаңа және т.б.), олар мына терілерден жасалуы керек:
А) Таза тері;
Б) Таза теріден астары бар басқа материалдардан;
В) Таза тері сыртқы жағынан жапсырылған, басқа материалдан дайындалған (бірақ тері тек әшекей болған жағдайлардан басқа).

Тері жағаның немесе қайырмаға (жаңа мен қайырма жамылғы мен болероға айналып кетпеу шартымен), манжет немесе қалта, белдемше, палотоның және т.б. жиегіне пайдаланса ғана әшекей деп саналады.

Аталған тауарлық жіктемеге сондай-ақ иленген немесе түкті, жүнді жабынымен жасалған, басқа метариалдардың қосылуымен (мысалы зер ретінде) тілімге тігілген білғары кіреді, сол материалдарды қосу тілімнің негізгі құрамын тері ретінде өзгертпеуі керек деген шарт қойылады.

Мұнымен қоса, аталған тауар жіктеліміне таза теріден дайындалған немесе таза тері негізгі құрылымын беретін басқа да бұйымдар енгізіледі. Кілем, жабын, толтырылмаған пуфик, шабадан, әйелдер сөмкесі, аңшылық қоржын мен сарбаз сөмкесі, сондай-ақ техника немесе механикалық құрылымдарда немесе өнеркәсіптік мақсатта (мысалы бояуға немесе әрлеуге қолданылатын жылтырататын саптама, сырлайтын білік тысы) қолдануға арналған бұйымдар мен заттар енгізіледі.
Бұл жіктелімге енгізіледі:
а) 4202 тауар жіктелімінің бірінші бөліміндегі бұйымдар;
б) қолғап, биялай мен митенки (тауарлық жіктелімі 4203), тұтастай таза теріден жасалғандары осы жіктелімге кіреді;
в) 64 топтағы бұйымдар
г) 65 топтағы бас киімдер мен олардың бөлшектері;
д) 95 топтағы бұйымдар (мысалы, ойыншықтар, ойындар мен спорттың құрал-сайман).
 
Бақылау сәйкестендіру белгісін тауарға қалай жапсыру керек, Желімділерді қайда жапсырады? Ілетіндерді қандай затқа ілу керек? Егер бақылау сәйкестендіру белгісін жұлып тастаса, сындырса не істеу керек?

Жауап. Пилоттық жобаны жүзеге асырудың бірлескен бұйрығымен бекітілгеніне сәйкес бақылау сәйкестендіру белгісін (Бсб) қоюдың 2 тәсілі бар:
1) желімдік, бақылау (сәйкестендіру) белгісі өзі жапсырылатын негізде тауардың құрылымдық элементіне (тігілген таңбалау затбелгісі) жапсырылады. Бұл жағдайда бақылау (сәйкестендіру) белгісін салу тауарда өндіруші тіккен таңбалау затбелгісі болғанда және онда көрсетілген белгіні өзгертусіз орналастыруға лайықты бос орны болса, орындалады. Бақылау (сәйкестендіру) белгісін салу мұндай белігінің желімдік қорғаныштық қабатын алу және сондай белгіні таңбалау затбелгісінің бос орнына жапсыру арқылы жасалады;
2) салмалы (ілмекті), бақылау (сәйкестендіру) белгісі пластик негізде бір реттік пломбалау элементінің көмегімен ілгекке немесе бұйым алдындағы түймелік-ілмекке бірге бекітіледі, олар болмағанда тігілген ілгекке немесе киім ілгішке ұсталатын тігілген ілгекке метал бау, металдан және басқа материалдан пластина түрінде бекітіледі. Бақылау (сәйкестендіру) белгісін салу бақылау (сәйкестендіру) белгісінің майсатын пломба элементін ілгек тесігіне немесе бұйым алдындағы түймелік-ілгекке, тігілген ілмекке немесе киім ілгіш ұсталатын тігілген ұстағышқа және бұзып қана аша алатындай пломбалау элементінің жабу құралына өткізу арқылы қойылады.
Бақылау (сәйкестендіру) белгісін үзсе, бүлдірсе және т.б. орын алған жағдайда «Тауарларды таңбалау» СБӨ-ге мәліметтерді енгізе отырып жою актісін толтырып, бұзылған бақылау (сәйкестендіру) белгісін жою керек, одан кейін бақылау (сәйкестендіру) белгісін қайта шығару қажет.
 
Ресей Федерациясы/Беларусь Республикасынан тауар жеткізілгенде балансқа енгізілмесе не істеу керек? 

Жауап. Ең алдымен Ресей Федерациясы/Беларусь Республикасындағы сатушыдан өзіндегі «Тауарларды таңбалау» жүйесінде аталған тауар Қазақстанға сатылғанын расымен көрсеткенін анықтау қажет. Егер расымен енгізілсе, ал тауарды балансқа енгізу мүмкін болмаса, мұндай мәселені шешу үшін қолданушы 1414 телефон нөміріне қолданушының БСН пен ЖСН, «Тауарларды таңбалау» СБӨ-дегі Жеке кабинетіндегі тапсырыс нөмірін көрсете отырып, өтінім қалдыру керек. Бірыңғай байланыс орталығының операторы қолданушының өтінімін тіркеп, Қолдау қызметінің 2-желісіне мәлімет береді.

Таңбалау жоқ болғаны үшін қандайда бір айыппұл қарастырылған ба?

Жауап. Пилоттық жоба кезеңінде жауапкершілік қарастырылмаған.

Нормативті-құқықтық құжаттарға сілтемесі бар тауар таңбалау туралы толық ақпаратты қайдан алуға болады?

Жауап. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің тері бұйымдарын таңбалауға жауапты қызметкерлерінің телефон нөмірлері: +7 7172 71 80 10, +7 7172 71 81 95.

Кәсіпкерлер барлық сауалды ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Байланыс орталығына қоя алады – 1414, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына хабарласа алады – 1432.

Тері бұйымдарын таңбалау туралы толық ақпарат ҚР қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтында жарияланған.

Егер қалған бұйымдарды мерзім аяқталғанған дейін сатсам – оның салдары қандай?

Жауап. Тері бұйымдарын таңбалау туралы келісім нормаларына сәйкес бақылау (сәйкестендіру) белгісі жоқ тері бұйымдарын сатуға тыйым салынады, сондықтан сатар алдында тауарларды таңбалау қажет.  
 
Егер Қазақстан мен Ресейдегі дүкендерім болса, тауарларды қалай сатуым керек? Өзімнен өзіме қайта сату ойға қонымсыз ғой?

Жауап. Филиалдар мен өкілдіктерге тері бұйымдарын беру кезінде «Тауарларды таңбалау» СБӨ-де қайта сату дәрежесі таңдалады, алайда бухгалтерлік және салық есебінде бұл операция өткізілді деп есептелмейді, себебі тауарлардың ішкі ауысуы болып саналады.
 
Таңбалауға нақты қандай категориялар жатады, егер 50% - таза тері, ал 50% жасанды тері болса, таңбалана ма?

Жауап. Таңбалауға Сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) 4303 тобындағы тауарлар жатады (құндыз, сазқұндыз, ақ түлкі, түлкі, қоян, жанат, қой және басқа да тері түрлері) . 
 
Филиал/өкілдікке тауарды қалай беру керек? 

Жауап. Тері бұйымдарын филиал мен өкілдікке берген жағдайда «Тауарларды таңбалау» СБӨ-де қайта сату дәрежесі таңдалады, алайда бухгалтерлік және салық есебінде бұл операция өткізілді деп есептелмейді, себебі тауарлардың ішкі ауысуы болып саналады.
 
Қалған тауарды таңбалау мерзімі ұзартыла ма? 
Жауап. Таңбалау саласында Қолданылатын нормативті құқықтық актілерде қалған тауарларды таңбалау мерзімін ұзарту қарастырылмаған.
 
Қалған тауарларды қай күнге дейін таңбалауға болады? 
Жауап. Қалған тауарларды таңбалауға пилоттық жоба іске қосылғаннан кейін 90 күн уақыт беріледі, пилоттық жоба 2017 жылдың 27 қарашасында іске қосылды.

Тауар сипаттамасында қателік жіберсең не істеуге болады? Жөндеуге бола ма?

Жауап. Иә, түзеуге болады. Сізге тауар туралы сенімді мәліметтерді есепке алу мен сақтауды қамтамасыз ететін ақпараттық ресурс сайтында (GS1 Қазақстан) тауар сипаттамасына өзгертіп, GTIN алуыңыз керек 
 
Тері бұйымдарын таңбалау міндетті ме?

Жауап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2017 жылы 4 қыркүйектегі №534, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі №337, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2017 жылы 18 қыркүйектегі №635 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 жылы 20 қыркүйектегі №331 бірлескен бұйрығы негізінде пилоттық жоба аясында тері бұйымдарын таңбалау міндетті (СЭҚ ТН 4303 коды). Қазақстан Республикасы Әділет министргінде 2017 жылы 29 қыркүйекте №15821 нөмірмен тіркелген.
 
Екінші деңгейлі Эмитент қандай жағдайда  бақылау (сәйкестендіру) белгісін дербестендіруден бас тартуы мүмкін? 

Жауап. Тауар айналымына қатысушы екінші деңгейлі Эмитентпен жасаған келісімшартын бұзғанда; бақылау (сәйкестендіру) белгісін дербестердіру үшін келісімшарт жоқ болса; Екінші деңгейлі Эмитентпен келісімшарт жоқ болғанда.
 
Қалған тауарға дербестендіру және бақылау (сәйкестендіру) белгісін беру туралы өтінімді таңбалаудың ақпараттық ресурсына қай күнге дейін беруге болады?

Жауап. Тері бұйымдарын дербестендіру және қалған тауарларға бақылау (сәйкестендіру) белгісін беру туралы өтінім беру мерзімі пилоттық жоба іске қосылғаннан кейін 90 күн, пилоттық жоба 2017 жылдың 27 қарашасында іске қосылды
 
Қалған тауарларды таңбалауға арналған тауарларға бақылау (сәйкестендіру) белгілері қай күннен бастап жарамсыз деп саналады?

Жауап. Қалған тауарларға таңбалау жүргізуге арналған бақылау (сәйкестендіру) белгілері және қалған тауарларды таңбалау күні аяқталғанға дейін таңбалаудың ақпараттық ресурсына берілмеген мәліметтер жарамсыз деп саналады. Осылайша 2018 жылы 25 ақпаннан бастап  бақылау (сәйкестендіру) белгілері қалған тауарларға таңбалау жүргізуге арналған бақылау (сәйкестендіру) белгілері және қалған тауарларды таңбалау күні аяқталғанға дейін таңбалаудың ақпараттық ресурсына берілмеген мәліметтер жарамсыз деп саналады және алдағы уақытта пайдалануға жарамайды.
 
Қандай тауарларды таңбалау керек? 

Жауап. Таңбалауға Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) 4303 тобындағы тауарлар (құндыз, сазқұндыз, ақ түлкі, түлкі, қоян, жанат, қой және басқа да тері түрлері) жатады.
Сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасы 4303 тауар жіктелімінде тері бұйымдарынан бөлек барлық киім заттары, киім бөлшегі мен киімге қатысты бұйымдар (муфта, боа, галстук, жаңа және т.б.) бар, олар мына терілерден жасалуы керек:
А) Таза тері;
Б) Таза теріден астары бар басқа материалдардан;
В) Таза тері сыртқы жағынан жапсырылған, басқа материалдан дайындалған (бірақ тері тек әшекей болған жағдайлардан басқа).
Тері жағаның немесе қайырмаға (жаңа мен қайырма жамылғы мен болероға айеалып кетпеу шартымен), манжет немесе қалта, белдемше, палотоның және т.б. жиегіне пайдаланса ғана әшекей деп саналады. 

Тауарлар немен таңбаланады?

Жауап. Тауарлар бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбаланады. 

Бақылау (сәйкестендіру) белгілері деген не?

Жауап. Бақылау (сәйкестендіру) белгілері – жасанды өнімнен сақтау элементтері (құралдары) бар (қорғалған полиграфиялық өнім), радиожиілік таңбасы салынған, тауар таңбалауға арналған қатаң есептік бланкі.
Бақылау (сәйкестендіру) белгілерінің түрлері:
1.Желімдік;
2.Ілмекті (салмалы).
Бақылау (сәйкестендіру) белгісінің  түсі тауарды айналымға енгізу тәсіліне байланысты. Егер тауар Қазақстан Республикасының аумағында өндірілсе, онда Бақылау (сәйкестендіру) белгісінің түсі – жасыл. 
Егер тауар Қазақстан Республикасының кедендік аумағына жеткізілген болса, онда түсі – қызыл.
 
Бақылау (сәйкестендіру) белгілеріне қалай тапсырыс беруге болады?

Жауап. Бақылау (сәйкестендіру) белгілеріне тапсырыс беру үшін таңбалаудың ақпараттық жүйесіне өтінім беру керек және екінші деңгейлі Эмитентпен (бақылау (сәйкестендіру) белгілерін таңбалаушы) келісімшарт жасап, оның қызмет ақысын төлеу керек.

Бақылау (сәйкестендіру) белгілерінің 1-деңгейлі Эмитенті кім (өндірушісі)?
Жауап. Бақылау (сәйкестендіру) белгілерін ҚР Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы шығарады.
 
Бақылау (сәйкестендіру) белгілерінің 2-деңгейлі Эмитенті кім (дербестендіруші)?
Жауап. Бақылау (сәйкестендіру) белгілерін «ISKER AKPARAT» ЖШС дербестендіреді. 
ЖШС реквизиттері: БСН 120540004887 , заңды мекенжайы: Астана қаласы, М.Тәшенов к., 27, 411-кеңсе, ИИК: KZ469261501166780000 (KZT) БИК: KZKOKZKX КБЕ 17 Ақмолы филиалы АО Казкоммерцбанк Байланысы: байланыс телефоны +7 7172 45 67 87, электронды почта: info@akparat.kz, сайт www.i-akparat.kz. Типтік келісімшарт ЖШС сайтында және «Атамекен» ҚР ҰКП интернет-ресурсында:   http://atameken.kz  және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында:  http://kgd.gov.kz .
 
Бақылау (сәйкестендіру) белгілерін дербестендірудің құны қанша? 
Жауап. Дайындау – 310 теңге, дербестендіру – 90 теңге. Бұл бағаға ҚҚС қосылған.

Бақылау (сәйкестендіру) белгілерін 2-деңгейлі эмитент кеңсесінде алуға бола ма?
Жауап. Иә, ала аласыз, сонымен қатар компания қызметкерінің сенімхаты бойынша да алуға болады. 
Бақылау (сәйкестендіру) белгілерін жеткізуді қайда рәсімдеуге болады?
Жауап. Бақылау (сәйкестендіру) белгілерін жеткізу бақылау (сәйкестендіру) белгілерін дербестендірген күннен бастап 3 күн ішінде тапсырыс берушінің мекен-жайы бойынша жүзеге асырылады. 
 
Бақылау (сәйкестендіру) белгілерін дербестендіру қанша мерзімде орындалады?
Жауап. 2-деңгейлі Эмитент бақылау (сәйкестендіру) белгілерін төлем түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде дербестендіреді.

Бақылау (сәйкестендіру) белгілерін жеткізуге ақы төлеу керек пе?
Жауап. Жеткізу үшін жеке төлем жүргізіледі. 

Бақылау (сәйкестендіру) белгілерін қалай салу керек?
Жауап. Бақылау (сәйкестендіру) белгілерінің түріне қарай оны бұйымға желімдеуге, ілуге болады.
бақылау сәйкестендіру белгісін (Бсб) қоюдың 3 тәсілі бар:
1) желімдік, бақылау (сәйкестендіру) белгісі өзі жапсырылатын негізде тауардың құрылымдық элементіне (тігілген таңбалау затбелгісі) жапсырылады. Бұл жағдайда бақылау (сәйкестендіру) белгісін салу тауарда өндіруші тіккен таңбалау затбелгісі болғанда және онда көрсетілген белгіні өзгертусіз орналастыруға лайықты бос орны болса, орындалады. Бақылау (сәйкестендіру) белгісін салу мұндай белігінің желімдік қорғаныштық қабатын алу және сондай белгіні таңбалау затбелгісінің бос орнына жапсыру арқылы жасалады;
2) салмалы (ілмекті), бақылау (сәйкестендіру) белгісі пластик негізде бір реттік пломбалау элементінің көмегімен ілгекке немесе бұйым алдындағы түймелік-ілмекке бірге бекітіледі, олар болмағанда тігілген ілгекке немесе киім ілгішке ұсталатын тігілген ілгекке метал бау, металдан және басқа материалдан пластина түрінде бекітіледі. Бақылау (сәйкестендіру) белгісін салу бақылау (сәйкестендіру) белгісінің майсатын пломба элементін ілгек тесігіне немесе бұйым алдындағы түймелік-ілгекке, тігілген ілмекке немесе киім ілгіш ұсталатын тігілген ұстағышқа және бұзып қана аша алатындай пломбалау элементінің жабу құралына өткізу арқылы қойылады.
Бақылау (сәйкестендіру) белгісін үзсе, бүлдірсе және т.б. орын алған жағдайда «Тауарларды таңбалау» СБӨ-ге мәліметтерді енгізе отырып жою актісін толтырып, бұзылған бақылау (сәйкестендіру) белгісін жою керек, одан кейін бақылау (сәйкестендіру) белгісін қайта шығару қажет.

Өндірушілер қай уақытта тауарды таңбалау керек?
Жауап. Өндіруші тауарды таңбалауды сол тауарларды өткізуге (сатуға) бергенге дейін жүзеге асыруға міндетті.
 
Трансшекаралық саудада (ЕАЭО қатысушы елдерден тауар жеткізгенде) тауарды қай уақытта таңбалау керек?
Жауап. Қазақстан Республикасы аумағына ЕАЭО қатсушы мемлекеттерден жеткізілетін тауарларды Қазақстанның бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалаудың қажеті жоқ, тек тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесіне мәлімет енгізу керек.
 
Қайта сатуға дайындық кезінде (химиялық тазалау) бақылау (сәйкестендіру) белгілері бүлдіріп алғанда не істеу керек?
Жауап. Ережеге сәйкес тауар иесі бақылау (сәйкестендіру) белгілерінің бүлінгені туралы мәліметті хабарлайды, қайта таңбалауға өтінім береді.

Жеке тұлғаның тапсырысы бойынша таурды жеке тігіп бергенде таңбалау тәртібі қандай?
Жауап. Мұндай жағдайда тауар таңбаланбайды. 

Бақылау (сәйкестендіру) белгілеріне жазылған ақпаратта қате табылғанда өзгерту енгізуге бола ма?
Жауап. Ақпараттық жүйеге мәлімет берген соң бақылау (сәйкестендіру) белгілеріне жазылған ақпаратта қате табылғанда өзгерту енгізуге болмайды. Бақылау (сәйкестендіру) белгілерін жаңадан ауыстыру керек, Бақылау (сәйкестендіру) белгілері бүлінгенде, жоғалғанда ауыстыратын тәртіппен жасалады.

Комиссиялық сатуға қойылған тауарлар таңбалауға жата ма?
Жауап. Жеке тұлғалармен жасалған келісімшарт негізінде комиссиялық саауда арқылы сатуға арналған тауарларды ұсынғанда тауарлар таңбаланады.