Жеке кәсіпкермін. ТЖ режимін енгізілуіне байланысты тауарым қажетсіз, тапсырыс жоқ. Әлеуметтік жәрдемақы 42500 теңгеге өтінім бердім. Ол үшін жеке кәсіпкер ретінде қызметті тоқтату керек пе?
Салық кодексінің 213-бабына сәйкес салық төлеушіге салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұруға немесе салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру мерзімін ұзартуға құқық беріледі. Ол үшін кәсіпкерге салықтық өтінішті, сондай-ақ қажет болса салық жылдың басынан қызмет тоқтатқанға дейін салықтық есептілігін беруі керек (егер тиісті шешім қабылданған жағдайда).
Осылайша, әлеуметтік төлемді алу жеке кәсіпкерлік қызметін автоматты тоқтату болып саналмайды.
Өйткені әлеуметтік төлем жеке кәсіпкердің табысы болып саналады, егер кәсіпкер оны алса, онда оны табыс ретінде көрсетуі тиіс, осы ретте Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер Салық кодексінің 341-бабына сәйкес салық салуға жатпайды, аталған төлемге табыс салығы салынбайды.
Біз туралы
Хабарландырулар
Бизнесті қолдау
Өңірлік кеңес
- Өңірлік кеңестің мақсаттары мен міндеттері
- Өңірлік кеңестің құрамы
- Өңірлік кеңес отырыстарының хаттамалары
- Өңірлік Кеңестің ұсыныстары