«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кеңес беретін жандар бар

2015 жылғы 04 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
14238 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысында «Бизнес-кеңесші» ісін бастаушы кәсіпкерлерді оқыту жобасы бастау алды. Арнайы семинар Тайынша ауданында өтті

24 ісін бастаушы кәсіпкер Солтүстік Қазақстан облысы Палатасы жанынан бизнес жүргізу саласындағы жаңа құзыреттіліктер алу мүмкіндігіне ие болды. Арнайы семинарда бизнес ашу, салық режимін таңдау, кәсіпкерлік тәуекелдер және оларды болдырмау шараларына қатысты мәселелер жан-жақты қаралды.

2 маусымда мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары аясында қаржылай көмекке талпынуға мүмкіндік беретін жедел курстан өткені жайлы сертификаттарды салтанатты табыстау рәсімі өтті. Сертификаттың әрекет ету мерзімі үш жыл бойында сақталады.

СҚО Кәсіпкерлер палатасы Тайынша аудандық филиалының директоры А.Нұрсейітов түлектерге сөз арнап, бизнес жүргізу негіздеріне тегін оқытудың «Бизнес-кеңесші» жобасының негіз болатын тұсы болып табылатынын атады, себебі кәсіпкерлік әлеуетті дамыту Палата қызметіндегі басты бағыттардың бірі болып табылады.

А. Нұрсейітов Тайынша ауданында бизнес жүргізу бойынша, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша консультациялар және басқа да қызметтер ұсынатын Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары әрекет ететінін баса көрсетті. КҚО-ға тілек білдірушілердің барлығы жүгіне алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер