«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Төлеу керек пе, елемеу керек пе

2015 жылғы 17 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
27308 просмотров

Кәсіпкерлер жер телімдерін жалға алу құқығын сатып ала отырып, жыл сайынғы негізде мемлекетке жалдау төлемдерін төлеуді жалғастырып, екі есе шығынға батып отыр. Мұның барлығына себеп салық заңнамасында жерді пайдалану құқығының өтеуін төлеп алу кезінде жалдаудың тоқталуын реттемелейтін нормалардың жоқтығы.

Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған жиналыста кәсіпкерлерді артық шығыннан арылту жолдарын табуға талпыныс жасалды.

Ережеге сай, жалдау құқығының өтеуін төлеп алу процедурасы жер заңнамасына сәйкес жеке меншікте болуы мүмкін емес жер телімдеріне қатысты қолданылады. Сондай-ақ жер пайдаланушыға телімде орналасқан жылжымайтын мүлік нысанын меншіктен шығару қажет болған жағдайда, оған телімді өтеуін төлеп меншікке алу керек болады. Егер кәсіпкердің ондай мүмкіндігі болмаса, ол жалдау мерзімін 6 жылға дейін азайтып, жалдау құқығының өтеуін төлеп ала алады.

«Жалдау құқығының өтеуін төлеп алу жағдайларында жер пайдаланушы бұл құқықты басқа тұлғаға бере алады, сыйлай алады, қайта сыйлай алады, бірақ жалдау шартының әрекет ету мерзімі шегінде. Сонымен бірге жер телімінің иесі жер салығын төлейді, ал жалдау құқығын алушы жалдау ақысын төлеуді жалғастырады. ҚР Үкіметінің « Жер телімдері үшін базалық төлем мөлшерлемелерін белгілеу туралы» 02.09.2003 жылғы № 890 қаулысына сәйкес, жер телімін жалдау үшін базалық төлем мөлшерлемесі жер салығына тең», - деп түсіндірді СҚО КП сарапшысы Мәдина Үмбетова.

Бүгінгі таңда Петропавл қаласы бойынша жер салығының мөлшерлемесі (үй жанындағы жер телімдерін қоспағанда) Петропавл қаласы мәслихатының шешімімен белгіленген 50 % көтеруді қосқанда 1 шаршы метр үшін 5,79 теңге құрайды. Сонымен қатар, Үкіметтің № 890 қаулысымен жер телімі үшін жыл сайынғы жалдау төлемінің мөлшері жалдауға тапсыру кезінде жер телімі үшін базалық төлем мөлшерлемесінен 100-120 % шегінде белгіленеді. Ал жалдау құқығын сату үшін төлем сомасының мөлшері жалдау мерзіміне қарай жер телімінің кадастрлық (бағалау) құнынан алынатын пайызбен белгіленеді.

«Осылайша, 10 жыл мерзімге ауданы 0,5 гектар жер телімін жалдау құқығының өтеуін төлеп алу кезінде өтеуінің құны 1 270 000 теңгені құрайды, ал жыл сайынғы барлық көтермелеуші коэффициенттерді қоса алғандағы төлем құны жылына 52 110 теңге құрайды. Бұл 10 жылға есептегенде 521 100 теңге болады. Яғни жалдау құқығының өтеуін төлеп алу 10 жыл ішінде жалдау төлемдерінің сомасынан 2,5 есе дерлік асып түседі, алайда, кәсіпкер жалдау құқығының өтеуін төлеп алып мемлекетке жыл сайын жердің жалдау ақысын төлеуін жалғастырады. Яғни жалдау құқығы үшін 1 270 мың теңге төлеп алып, ол 10 жыл ішінде тағы да 520 мың теңге төлейді. Бұл жалдау құқығының өтеуін төлеп алу жағдайындағы төлем реттемелерінің әрекеттегі нормативтік-құқықтық актілерінің жоқтығынан орын алуда», - деп түсіндірді Мәдина Үмбетова.

Палата сарапшыларының ойынша, егер мемлекет жалдау құқығы меншігінен айыруды жасаса, онда ол осы жерді жалдау үшін төлем алу құқығына меншіктен де айырылады. Сондықтан да Палата, жалдау құқығы сатылып алынса, жерді пайдаланушыларды жер телімін пайдаланғаны үшін төлемнен босатуды ұсынады.

Сарапшылар мен кәсіпкерлердің пікіріне келісеміз.

«Басқа кәсіпкерден жер телімін жалдау құқығының өтеуін төлеп алдық, бірақ белгісіз себептермен жалдағанымыз үшін мемлекетке де төлеуге тиіспіз бе? Мәселенің көпшілік кәсіпкерлерге қатыстылығын ескере отырғанда, мұны әділетсіз деп санаймын. Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен даулы мәселе шешімін табарына сенеміз», - дейді жеке кәсіпкер Валентина Ступак.

«Шынымен де, бұл мәселе көпшілікке қатысты. Бұл көбінесе ауқымды аумақтары бар өндірістік кәсіпорындар. Олар үшін бұл салмақты қаржылай жүктеме. Осы тұрғыдан алғанда Палатаның ұсынысы уақытында жасалып отыр және орынды. Егер аталмыш мәселе шешімін тапса, бұл өңірдегі бизнес-қоғамдастық үшін жақсы босаңсыту әрі жер телімін сатып алуға түрткі болады. Өйткені көптеген жалгерлер жалдау құқығын да, жалданған жерді де сатып алмақшы емес, өйткені түрткі жоқ», - деп қосты ойын келесі кәсіпкер Александр Казанцев.

Палата пікірін мемлекеттік органдар өкілдері де, атап айтқанда, қалалық жер қатынастары бөлімі мен СҚО бойынша мемлекеттік табыс басқармасының қолдап отырғанын атап өту керек.

«Әрине, бұл ұсынысты қолдаймын, себебі бұл мәселеның туындағанына біраз болды және жалдау құқығының өтеуін төлеп алып дәл сол көлікжай үшін жалдау ақысын төлеуді жалғастырып келе жатқан кәсіпкерлер тарапынан да, жеке тұлғалар тарапынан да жағымсыз ойлар көп айтылды», - деді Петропавл қаласы жер қатынастары бөлімі НҚА секторының меңегерушісі Наталья Зазулина.

Ол сонымен бірге жалдау құқығының өтеуін төлеп алушы жер салығын төлеуіне қатысты сауал тастады.

СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Тұрар Искаков сұраққа жауап бере отырып, «жалдау құқығы – меншік құқығы емес» деп мәлімдеді.

«Кәсіпкер жалдау құқығын иелене отырып, белгілі бір кезеңде осы салықты төлейді. Егер ол жалдау құқығын 10 жылға алатын болса, онда сәйкесінше ол 10 жылдың салығын төлеп тастаған болып шығады. Сонымен бірге, кәсіпкер бұл жерді басқа біреуге жалға беруге, сондай-ақ жалдау төлемдерін алуға әрі одан сәйкес салық төлеуге құқылы. Сондықтан да жалда тұрған жер үшін жалдау төлемін бөлу қажет, және де сатылып алынған жер бойынша «өтеуін төлеп алу құқығы» ұғымын нақты ажырату керек», - деп түсінік берді СҚО КП басшысы.

Бір айта кететіні, қазіргі жер және салық заңнамаларында «жерді пайдалану құқығының өтеуін төлеп алу» ұғымының мазмұны кездеспейді, онда жалдау төлемдері мен жерді пайдаланудың өтеуін төлеп алу арасындағы ара-салмықты реттемелейтін арнайы нормалар жоқ. Түсіндірме сөздіктердегі біршама ықшамды анықтамаларына сәйкес «өтемін төлеп алу» терминін тура түсіндіру «сатып алу үшін басқаның иелігіндегіні сатып алу» дегенді білдіреді. Бұл дегеніміз жерді пайдалану құқының өтеуін төлеп алу  мемлекетпен алынған құқық үшін есеп айырысуды толығымен аяқтайды (яғни жер пайдаланудың өтеуі төленген құқығы осы төлемнен басқа ешқандай төлемдер көзделуі мүмкін емес).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер