«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауылдағы ауыр бизнес

2015 жылғы 01 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
14510 просмотров

СҚО екі тұрғыны жеке іс ашты

СҚО Мәмлүт ауданы Октябрь ауылының тұрғыны Сәуле Темірбекова КҚО консультанттарының қызметін пайдаланып, «Бағлан» ЖК тіркеді және ірі қара мал алу үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2 миллион теңге сомасына кредит алды.

Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Мәмлүт филиалына Октябрь ауылының тұрғыны  Сәуле Темірбекова жеке ісін ұйымдастыруда көмек сұрап жүгінеді. КҚО консультанттары Сәуле Амантайқызына консультациялық-әдістемелік көмек көрсетіп, «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша білім алу туралы айтып береді. Осы курстан өткен соң болашақ кәсіпкер ханым жеке ісін ашады.

«Уақытқа ілесу үшін үнемі білім деңгейін көтеріп тұру керек. «Бизнес-Кеңесші» жобасы бұл жағынан сөзсіз көмегін тигізді. Курс және КҚО қызметкерлері консультациясының көмегімен жеке бизнес бастау ғана емес, жүргізу де оңай әрі ыңғайлы», - деп бөлісті Сәуле Темірбекова. Ол ірі қара мал алу үшін 2 миллион теңге мөлшерінде кредит алды. Алайда мемлекеттік бағдарлама бойынша алынған қаражатты игеруде бірқатар түйткілдерге тап болды. Атап айтқанда, қаражатты игеру және жабдықтар сатып алу бойынша есеп даярлау қажет еді. Консультанттар тағы да көмекке келді.

«Сервистік қолдау жөніндегі менеджердің көмегімен малды сатып алу-сату және қабылдау-табыстау шарттарының жобалары жасалды. КҚО консультанттары кәсіпкерге сауу аппаратын қайдан алу керектігін көрсетті», дейді СҚО Кәсіпкерлер палатасы Мәмлүт ауданы филиалының директоры Нина Василенко.

Бір айта кететіні, КҚО консультанттарының бастан-аяқ сүйемелдеуімен Дубровное ауылында тұратын ауданның тағы бір тұрғыны Анастасия Остапенко осыған ұқсас бизнес-жобаны жүзеге асырды. Ол 1 млн. теңге мөлшерінде кредит алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер