«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Адамзат үшін!

2015 жылғы 27 Шілде
- Қарағанды облысы
13690 просмотров

Әлеуметтік жауапкершілік қағидаттары әрекет жасап тұр

Қарағанды облысының көктемі биылғы жылы өңір тұрғындарын ерекше сынаққа айналды. Сәуір айының басында бұрын-соңды болмаған тасқын су Қарағанды облысының күллі аумағын басып қалды. 51 елді мекенде 5 мыңға жуық адам тұратын 2 100-ден астам тұрғын үй су астында қалды. Қазір өңірде бәрі орнына келтірілуде.

Облыс басшылығы берген деректерге сәйкес, су басу салдарынан болған залал бір миллирад теңгені құрап отыр. Облыстық және жергілікті бюджеттен 719,5 миллион теңге сомасындағы залалдың орны толтырылды. 1 700-ден астам отбасы өтемақы алды.

Зардап шеккендерге күллі ел болып көмекке келді. Су басу күндері жедел ашылған қор шотына 470 млн теңге түскен. Апат орын алған ауыр күндері зардап шеккендерге қолдау көрсеткен азаматтардың күшімен өмір қалпына келуде – өтемақылар төленіп жатыр, баспана тұрғызылды, қыркүйек айына дейін қалған жандарға үй салынып береді.

Тасқын кезінде кәсіпкерлер де зардап шекті. Қазір су шайып кеткен дүниенің бәрі қалпына келтірілуде. Осы жерде бизнес-қоғамдастық көмекке келді. Өздері зиян шеккен кәсіпкерлер де қалыс қалмады.

Абай ауданында жеке кәсіпкерлер Гүлсім Балтабаева, Әлия Айтмағаметова, Альфия Ахметьянова, Нина Хитрова, Ольга Мирошниченко және «Стежок» ЖШС ұжымы азық-түлік пен киімнен бөлек миллионнан астам теңге жинап берді әрі зиян шеккен нысандарды қалпына келтіруге көмектесті.

Жеке меншіктегі плотина жарылған Жұмабек ауылында табиғат апаты ерекше күшіне енді. Ауылдағы 17 үй қатты зардап шекті. Тұрғындар уақытында эвакуацияланып, малдар қауіпсіз жерге апарылды. Қолданылған шаралар нәтижесінде адамдар мен жануарлар зардап шеккен жоқ. Бүгінгі күні Жұмабек ауылының отбасыларына кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ, Астанадағы «Алтын Сапа» компаниясы, «ҚазМұнайГаз өнімдері» компаниясының Қарағандыдағы филиалы, «Фемида» заң колледжі, сонымен қатар Құрма орта мектебі мен жергілікті кәсіпкерлерден келіп жеткен киім, азық-түлік, гигиена құралдары, дәрі-дәрмек түріндегі және көптеген басқа демеушілік көмек табысталды. Сөйтіп, жергілікті атқару билігі мен кәсіпкерлердің бірлескен жұмысының арқасында Абай ауданының басқа да елді мекендеріндегі су басудың алдын алды.

Нұралық «Нұра Қантай» фермерлік шаруашылығының басшысы, бизнесмен Лұқман Мәжиев Ақмешіт және Қантай ауылдық округінде су басу кезінде қаржылай ғана көмек көрсетіп қоймай, шаруашылықтағы жұмыскерлерімен бірге қалпына келтіру іс-шараларына қатысты.

Ақтоғай ауданында жеке кәсіпкер Зейнолла Досмақов су тасқынынан зардап шеккендер үшін аудан орталығынан үй сатып берді. Ол сонымен бірге тасқыннан зардап шеккендерді жұмысқа тұрғызуға дайын екенін білдіріп, ауданның басқа бизнесмендерін де қалыс қалмауға үндеді. Кәсіпкердің қимылы күллі ауданға үлгі болды. Зейнолла Досмақов бизнесін 1997 жылы бастаған болатын. Қазір оны кеңейтуді жоспарлауда. Кәсіпкер «Қазақстанда жасалған» акциясының алғашқы қатысушыларының бірі болды.

Теміртаулық «Бидай-Нан» компаниясы күнде таңғы сағат 5-те өз жүк көліктерімен суда қалған ауылдарға 2000 бөлке нан жіберіп тұрды. «РенМилк» ЖШС сүт өнімдері де тұрғындар эвакуацияланған орындарға, облыс көлемінде жеткізіліп тұрды. 

Ерекше зардап шеккен Бұқар жырау ауданында да ауылдар қалпына келтірілуде. Тасқыннан бұзылғандардың орнына салынған алғашқы үйлер тапсырылып жатыр. Баспана аса қысқа мерзімде салынып жатыр. Жұмыс таң ертеңнен күн батқанша қызу қайнауда. Құрылысшылар бар күштерін салуда, себебі баспанасыз қалған адамдар жанында, шағын шаруашылық құрылысында тұрып жатыр. Ауданда құрылыспен қазақстандық өндірушілерден материалдар сатып алған «Техстрой Қарағанды» ЖШС айналысуда. Сөйтіп, мәселен, үй қабырғаларына арналған пеноблоктар Бұқар жырау ауданында жасалса, ғимаратты әрлеуге қажет силикат кірпіш Қарабастан сатылып алынған, цемент жақын орналасқан Ақтау кентінде. Фирма құрылысшылары су тасқынынан кейін үй салу технологиясын жақсы біледі – олар өткен жылдың көктемінде тоған жарылуынан кейін қайғыға ұшыраған Көкпекті тұрғындары үшін де үйлер салып берген еді.

Қиын сәттерде жерлестеріне қолдау көрсеткен көптеген бизнесмендерді атауға болады. Еліміздің тұрғындарының мейірімділігінде шек жоқ, ал апат салдарын жоюға әрбір азамат баға жетпес үлес қосты.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы өңірдегі барлық тұрғындардың атынан көрсеткен көмегі үшін үлкен алғысын айтады және қалыс қалмағандардың барлығына денсаулық, амандық пен бейбіт өмір тілейді!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер